Қазақстанның басым бөлігіне су тасқыны қаупі төніп тұр
Синоптиктер солтүстік, орталық, шығыс пен батыс аймақтар басты назарда екенін айтты. Жазық аумақтарда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Ұлытау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстары.
«Орташа су басу қаупімен Жетісу облысы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары. Көктемгі су тасу негізгі факторлары күзгі ылғалдану, қар қоры, жауатын жауын-шашын және ауа температурасы. Белгіленген аймақтарда осы көрсеткіштер қалыптан жоғары”, – делінген хабарламада.