Қазақстан Ресей мұнайының Қытайға транзитінен қанша табады
Қазақстан ресейлік мұнайдың Қытайға транзитінен жылына шамамен 170 млн доллар табады, деп хабарлады энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов.
Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде ол Қазақстан 2014 жылдан бастап ресейлік мұнай транзитімен айналысатынын нақтылады. Ол кезде көлемі жылына 7 млн тоннаны құраған.
«10 жыл бұрын жылына 10 млн тонна жеткізу туралы келісімге қол қойылды. Біздің еліміз тікелей және жанама түрде айырбас операциялары арқылы бүкіл кезең ішінде шамамен 1,7 млрд доллар табыс табады. Жылына бұл сома 170 млн долларды құрайды «, — деді Ерлан Ақкенженов.
Өзбекстаннан мұнай транзиті көлемі жағынан аз және жылына небәрі 150 мың тоннаны құрайды. Қазақстан осыдан шамамен 1 млн доллар табады.