Қазақстан СІМ басшысы Сьерра-Леоне Сыртқы істер министрімен кездесті
Джидда қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Сьерра-Леоне Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Тимоти Каббамен кездесті.
Тараптар ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын анықтау үшін сыртқы саяси ведомстволардың өзара іс-қимылын жандандырудың маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда тараптар Дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қоюды құптады.