Қ. Сатыбалды мемлекетке қайтарған активтер сомасы ондаған миллиардқа өсті
Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов хабарлағандай, 2022 жылдан бастап мемлекетке 1 трлн теңгеден астам актив қайтарылды.
Жалпы сомадан 732,8 миллиард теңге Қайрат Сатыбалдыға қатысты істі тергеу шеңберінде қайтарылды.
Сондай-ақ, Агенттік өкілінен Қайрат Сатыбалдыұлының «темір тордың сыртында» қонақ үй сатып алған деген ақпаратқа түсініктеме беруді сұрады. Арман Тілеукенов әзірге түсініктеме бере алмайтынын, себебі оның егжей-тегжейін анықтау керектігін айтты.