Франция өзінің Шығыс Африка жағалауындағы Майотта архипелагына күніне 4-5 ұшақпен көмек жеткізіп жатыр. Бұл аралдарда соңғы 90 жылдағы алапат циклоннан он мыңдаған адам мерт болған. Мұны жергілікті дәрігерлердің мәліметіне сүйеніп «Рейтер» агенттігі хабарлады.
Бірақ Қызыл Крест ұйымы 100 мыңдай тұрғынның жоғалып кеткенін айтты. Солардың қатарында 200-дей ерікті бар. 321 мың адам тұратын Майоттаға сұрапыл дауыл желтоқсанның 14-інде сағатына 200 км жылдамдықпен соққы берді. Жермен-жексен болған аралдарды енді аштық жайлап, түрлі аурулар тарайды деген қауіп бар.
Осы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Франция Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.