Жолды сапасыз салған мердігер компанияларға 136 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, республикалық автожолдарды қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарына салғырт қарағаны үшін 8 мердігер ұйым соттың шешімімен жауапсыз компаниялар тізіміне енді. Бұл туралы жауапты ведомство өкілдері мәлімдеді. Ресми дерек бойынша, биыл мердігерлер түрлі жол жөндеу жұмыстары барысында 2900 ақау жіберген. Оның 2700-і қалпына келтірілді.
Дархан Иманашев – «ҚазАвтожол» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы:
Жүзеге асырып жатқан 255 жол-құрылыс нысанының сапасын тексеруге 42 техникалық бақылау компаниясының 489 маманы жұмылдырылды. 2024 жылы жұмыстарды сапалы орындамағаны үшін техникалық бақылау қызметтеріне 136 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 10 маман жұмыстан шығарылды.