Бүгін Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды. Бұл лауазымға үш үміткер болған. Сайлау қорытындысы бойынша, 36 жастағы Марат Омаров федерацияны басқаратын болды.
Марат Омаров — Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы. Бұл қызметке ол 2022 жылы тағайындалған. Федерацияның жаңа басшысы Ұлыбританияда, Лондонда білім алған. 24 жасында елге оралып, Экономикалық даму және сауда министрінің, кейін Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.