Алматыдағы Көктөбе телемұнарасы жер сілкінісіне дайын емес – Жапон ғалымы
Бұл туралы Қазақстан геотехникалық қауымдастығының президенті Асқар Жүсіпбеков мәлімдеді.
«Қазақстанда докторлық диссертация қорғаған жапон ғалымы, Осака университетінің профессоры Алматыда жер сілкінісі болатынын және қаладағы көптеген ғимараттар сейсмикалық дүмпулердің әсеріне дайын еместігін айтты.
Әсіресе, Алматыдағы ескі телемұнаранының жағдайына қатты алаңдайтынын жеткізді. Жапондар Алматы мен Қазақстанның оңтүстігіне бізден көбірек алаңдайды», – дейді Жүсіпбеков.