Қазақстанға 20 градустық аяз қайта оралады
Синоптиктердің хабарлауынша, 12-14 наурызы аралығында елімізде жауын-шашын жауып, қолайсыз ауа райы күтіледі.
12 наурызда Павлодар, Қарағанды облыстарында жаңбыр6 қар жауады. 12-13 наурыз аралығында Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында ауа райының қолайсыздығы күтіледі.
Сондай-ақ жел күшейіп, тұман мен көктайғақ болады.
Қазгидрометтің мәліметінше, түнде ауа температурасы 10-20, күндіз 2-10 аязға дейін төмендеуі мүмкін. Республиканың оңтүстігінде түнде 2-12 градус аяз, күндіз -6 градустан +2 градусқа дейін аяз болады.