Монғол даласын жұт жайлады
Жұт біздің елді ғана емес, малдың жайына қанық Монғолияны да әбден тығырыққа тіреді. Биыл мұнда 1 жарым миллион бас қырылып қалды. Қоян жылы шаруаға қырсыз болды. Малшыға да, малға да оңай емес. Ақ қар, көк мұзыңыз осы. Биыл бұл елде қар қалың түсіп, кей тұста мұз қатқан. Даладағы мал тебіндей алмады.