Алматыдағы автобус апаты: Жәбірленушілер жүргізушіні жазалауды талап етті
Апатқа қатысты сот басталды. Тергеу үш ай бойы жүргізілген. Қорытындыға сәйкес, үш адамның өліміне әкелген әрекеті үшін Дархан Ахметжанов сот алдында жауап берді. Ол бұзақылық жасағанын бірден мойындап, жәбірленуші тараптан кешірім сұрады.
Сотта автобус жүргізушісі жәбірленуші ретінде танылып, оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Апаттан қаза болған Айдос Әлменбаевтың жары жүргізушінің де жауапқа тартылуын сұрайды.
Сотта аталмыш іске қатысты төрт жәбірленуші болды. Күдікті cегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.