• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазақстан мен Ұлыбритания пайдалы қазбаларды бірлесіп өндірмек

Қазақстан мен Ұлыбритания пайдалы қазбаларды бірлесіп өндірмек

12 марта, 2024 Ғылым

Қазақстандағы сирек кездесетін жер элементтерін игеру үшін Британ технологиялары тартылатын болады. Лондонда маңызды минералдар саласында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Жол картасына қол қойылды. Алдағы уақытта Қазақстан Ұлыбританиямен бірлесіп, геологиялық барлау, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу жұмыстарын жүргізбек, деп хабарлайды Kazinform-ның осы елдегі меншікті тілшісі Ғалымжан Қараманұлы.

Мемлекет басшысы Қазақстанның сирек жер металдарын «Жаңа мұнай» деп атап, оларды игеруді үкіметке тапсырған болатын. Маңызды міндетті жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет. Осы мақсатпен Лондонға Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі келіп, Ұлыбританияның Бизнес және сауда істері жөніндегі мемлекеттік министрімен кездесті.

Қазақстандағы сирек кездесетін жер элементтерін игеру үшін Британ технологиялары тартылатын болады. Лондонда маңызды минералдар саласында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Жол картасына қол қойылды. Алдағы уақытта Қазақстан Ұлыбританиямен бірлесіп, геологиялық барлау, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу жұмыстарын жүргізбек, деп хабарлайды Kazinform-ның осы елдегі меншікті тілшісі Ғалымжан Қараманұлы.

Мемлекет басшысы Қазақстанның сирек жер металдарын «Жаңа мұнай» деп атап, оларды игеруді үкіметке тапсырған болатын. Маңызды міндетті жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет. Осы мақсатпен Лондонға Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі келіп, Ұлыбританияның Бизнес және сауда істері жөніндегі мемлекеттік министрімен кездесті.

Елші
Фото: Kazinform\Ғалымжан Қараманұлы

«Қазақстан бойынша айтсақ қазір бізде сирек жер элементтері өте көп. 18 элеметіміз бар. Оның ішінде сегізін өңдеу мәселесін пысықтадық. Қазір жұмыс істелуде. Тағы 10 элементіміз бар. Технологиялар жоқ, бірақ пайдалы қазбалар бар. Ол үшін технологиялар керек», — дейді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Шархан Иран.

Бір жыл бұрын Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли Қазақстанға іссапармен келіп, маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойғаны белгілі. Бүгінгі Жол картасы сол келісімнің заңды жалғасы.

«Жол картасында қай салада серіктестік орнатылатыны нақты жазылған. Бұл жерде мәселе өзара тиімді ынтымақтастық туралы екенін түсіну керек. Британиялықтар ресурстық базамызға қол жеткізуге мүдделі болса, біздің үкімет олардың технологияларының трансферті туралы нақты талаптар қойып жатыр», — дейді Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Мағжан Ілиясов.

Қазақстан
Фото: Kazinform\Ғалымжан Қараманұлы

Құжатта елімізге жаңа технологиялар тартумен қатар маңызды минералдар тізбегін декарбонизациялау, сондай-ақ ғылыми-зерттеу әлеуетімізді дамыту мәселелері қамтылған.

«Бұл өзара түсіністік туралы меморандумды ілгері жылжытуға бағытталған батыл қадам. Жол картасының нәтижесінде Қазақстанда британиялық компаниялар көкжиектерін кеңейтіп, тәжірибелерімен бөліседі деген зор үміттеміз», — дейді Ұлыбританияның Өнеркәсіп және экономикалық қауіпсіздік министрі Нусрат Гани.

Бүгінде британиялық Maritime House компаниясы қазақстандық «Жезқазғансирекметалл» кәсіпорнымен бірлесе отырып, рений элементін өндіруді бастап кетті. Rolls-Royce компаниясымен серіктестік орнату туралы келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ еліміздің Ұлттық геологиялық қызметі Британ геологиялық барлау қызметімен бірлесіп жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

 

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Мұғалім оқушы үшін сабақ кезінде ғана жауапты болады

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025356 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.