13 наурызда Жамбыл ауылында жазушы Жұмабай Шаштайұлын ақтық сапарға шығарып салды
Алматы маңындағы Жамбыл ауылының мәдениет үйінің алдында өткен қаралы рәсімге 100-ге жуық адам – зиялы қауым өкілдері, туған-туыс, марқұмның дос-жарандары жиналды. Билік өкілдерінен Алматы облысының әкімі, ақпарат вице-министрі қатысты.
Жұмабай Шаштайұлы 12 наурызда 73 жасында көз жұмды. Ол әр жылдары «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті» және өзге басылымдарда басшылық қызмет атқарған. Qazaqstan ұлттық телеарнасында «Үзеңгі жолдас» бағдарламасын жүргізген.
Жазушының қазасына байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты.
www.azattyq.org