110 миллион сомаға алкогольді жасырып, бір жыл түрмеге кесілді
Тараз қаласының прокурорлары «ASCO Pro» ЖШС басшысы тәркіленген алкогольді 110,2 млн теңгеге жасырғанын анықтады.
Бұған дейін қаланың мамандандырылған әкімшілік соты бұл тауарды мемлекет кірісіне тәркілеген болатын. Тәртіп бұзушы кінәлі деп танылып, кейіннен төрт жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқаруға тыйым сала отырып, оған бір жыл үш ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Шығын мемлекет пайдасына өндіріліп алынды.
Үкім әлі күшіне енген жоқ.