«Қазақмыс» компаниясы заң басқармасының бөлім басшысы ұсталды
Қарағанды облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Заң қызметі департаменті орталық аймақтық заң басқармасының келісімшарт және талап-арыздар бөлімінің бастығы Азат Жұмабаевты ұстады.
Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігі («Бопсалау») бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінген.