Екібастұз әкімдігі МАЭС-3 учаскелеріне 126 млн орнына 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсамақ болды
Екібастұз қаласының әкімдігі ауылдық аймақтағы ауданы 25 га және 5 га екі учаскеге бағалау жүргізген, алайда ұқсас жер үшін құны едәуір жоғары қалалық жерлердің бағалары пайдаланылған. Соның кесірінен нақты құны 126 млн болатын екі учаске бюджетке 1 001 197 999 теңгеге шығын келтіре жаздады, — делінген облыстық прокуратура таратқан хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бюджеттік өтінім кері қайтарып алынды.
Учаскелердің иелерімен оларды сатып алу туралы келісімдер бұзылды, кінәлі лауазымды тұлғалар жазаланды.