«Лукойл» вице-президенті өз -өзіне қол салды
Хабарламада айтылғандай, қайғылы оқиға қарсаңында Виталий Владимирович бас ауруына шағымданып, кабинетте бірнеше сағат бойы қоңырауларға жауап бермей отырды.
Компанияның алаңдаған қызметкерлері вице-президентке кіруге шешім қабылдады. Кабинеттен оның жансыз денесін тауып алды. Робертус жұмыс орнында өз өзіне қол салды, деп хабарлайды БАҚ.
Виталий Робертустың мансабы тек «Лукойл» компаниясымен байланысты. Ол корпорацияға Мәскеу авиация институтында (МАИ) оқығаннан кейін келді.
Робертус компанияда экономист болып қызметін бастап 30 жыл ішінде компанияның басшысы және вице-президенті лауазымына жетті.
Бұған дейін ресейлік «Лукойл» мұнай-газ компаниясы Алматы облысында күн электр станциясының құрылысын бастағаны белгілі болған болатын.