Қызылорда облысында 2609 шақырым суару каналын автоматтандыру
жоспарланып отыр. 17 нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттама
әзірленіп жатыр.
Бір жобаның құжаттарын австралиялық Rubicon Water компаниясы Қазақ Су
шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп әзірлеп жатыр.
Барлық жобалық-сметалық құжаттама биыл дайын болады деп күтіліп отыр.
«Оңтүстік облыстарда суармалы суды тиімді және ұқыпты пайдалану
маңызды. Су шаруашылығы инфрақұрылымын автоматтандыру және
цифрландыру осы бағыттағы маңызды қадам болмақ. Шетелдік
әріптестеріміздің қатысуымен осындай жобаларды еліміздің басқа да
өңірлерінде іске асыру жоспарланып отыр», – деді Су ресурстары және
ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.
ҚР Су ресурстары және ирригация
министрлігінің баспасөз қызметі