Алматыда «Мечта» тұрғын үй кешені сүрілді
Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, нысанды бұзу бойынша сот процестері 2022 жылдан бері жалғасып келеді. Кешенді салу кезінде көптеген заң бұзушылықтар, 2 нысанға рұқсат беру құжаттары болмаған және бүкіл нысан бойынша көптеген қателіктер анықталған.
Тұрғын үй кешенінің өзі тұрғын үйді пайдалану және күтіп ұстау үшін белгіленген нысаналы жер учаскесінде орналасқан. Осылайша, жеке тұрғын үй ретінде салынған кешен арқылы құрылыс салушы қала тұрғындарына жалған мәлімет беріп, пәтерлерді сатуды жоспарлаған.