Атырау облысында әйел өзінің жаңа туған балаларын сатып жіберген
Бірінші баласын сатып жіберген соң уақыт өте келе тағы жүкті болады.
Бір отбасына нәрестені сатуға келіскен, бірақ ақшаны алып, қашып кеткен.
Сөйтіп жәбірленушілер 2,3 млн теңгеден айырылып қалған. Ал алаяқ ана басқа ерлі-зайыптымен келісім жасаған. Олар бала дүниеге келгенше шотына ақша аударып тұрған. Сосын жаңа туған нәрестені алып кеткен.
Алаяқтық жасаған әйел 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сәбилерді сатып алған отбасылар шартты түрде 3 жылға сотталды.