- Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді
- Енді таксилерге тағы бір міндет жүктелмек
- Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты
- Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды
- Қостанай атауының өзгерді ме?
- Солтүстік Корея жауынгерлері Украинамен соғысуға аттанып жатқаны рас па?
- Талғарда күдікті изолятордан қашып кетті
- Қорғаныс министрлігі грантқа ие болған сарбаздардың тізімін жариялады
Автор: asylbek
Астаналықтар жылуға 3 млрд теңге артық төлеген Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу комитеті хабарлады. Астана тұрғындарының ақпандағы жылу тарифіне қатысты шағымдарынан соң, баға төмендетілетін болды. «Астана-Теплотранзит» көрсетілген қызмет көлемін артық көрсетіп, негізсіз пайда тапқан. Қайта есептеулер жүргізілді, астаналықтарға 3 149 711 000 теңге қайтарылады. Жылу тарифі 8% -ға төмендейді.
Қазақстанға үшінші елдерден және ЕАЭО-дан бидай әкелуге тыйым салынады Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды. Бұл тыйым: бидайды теміржол арқылы құс шаруашылығы және ұн тарту кәсіпорындарына әкелуге; Қазақстан аумағынан тыс жерлерде басталатын және аяқталатын теміржол транзиттік тасымалы аясында ел аумағына әкелінетін бидайға әсер етпейді.
Аустрияның жетекші компаниялары Қазақстанға қызығушылық танытуда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Аустрияға сапары аясында құрылыс, логистика және машина жасау салаларындағы жетекші компаниялардың басшылығымен кездесті. Lasselsberger Group компаниясының бас атқарушы директоры Йозеф Ласселсбергермен сұхбат барысында Астанада керамикалық тақтайшалар, құрғақ құрылыс қоспалары мен құрылыс желімдерін өндіру бойынша инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы талқыланды. Жоба импортты алмастыруға бағытталған және 200-ден астам жұмыс орнын құруды көздейді. Бұған қоса, металлургия саласындағы жоғары деңгейде өңдеу жобасын жүзеге асыру мүмкіндігі талқыланды.
АЭХА Бас директоры Рафаэль Гроссимен жан-жақты пікір алмасу барысында тараптар еліміздің ұйымға 30 жылдық мүшелігі кезеңіндегі өзара іс-қимылдың ауқымды сипатын жоғары бағалады, сондай-ақ Агенттік басшысының өткен жылғы сәуірдегі Қазақстанға сапары екіжақты диалогқа жаңа серпін бергенін атап өтті. ҚР СІМ басшысы уран экспорты бойынша әлемде бірінші орында тұрған еліміз өзінің атом саласын дамытуға және көміртекті бейтараптық мақсаттарына қол жеткізуге ерекше мән беретінін атап өтті. АЭХА-мен ынтымақтастық Қазақстанның елдегі алғашқы атом электр станциясының құрылысы бойынша референдум өткізу жоспарлары аясында ерекше өзектілікке ие болып отыр. Тараптар елімізде онкологиялық ауруларды емдеуде заманауи ядролық технологияларды пайдалану, ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыру, бұрынғы Семей полигонының аумағын оңалту…
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Венада халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесулер өткізді Венаға жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Венада аккредиттелген халықаралық ұйымдардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. БҰҰ-ның Венадағы бөлімшесінің Бас директоры – БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) Атқарушы директоры Гада Валимен кездесу барысында министр оған Қазақстанмен көп жылғы жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді. Сұхбаттастар есірткіге, қылмысқа, терроризмге және киберқылмысқа қарсы күрес саласындағы БҰҰ ЕҚБ өңірлік жобаларын талқылады. Қазақстанда синтетикалық есірткіге қарсы күрес жөніндегі жаңа жобаны іске қосу аясында тараптар 2025 жылы Астанада БҰҰ Өңірлік конференциясын өткізуге келісті.
Семейде төтенше жағдай режимі жариялануы мүмкін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қала аумағында төтенше жағдай режимін енгізбекші. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Семей қаласын еріген су басып қалған болатын. ТЖМ Қажымұқан, Репин, Красин және Городская көшелерінде еріген судың көп мөлшері жиналғанын хабарлаған еді.
Бақыт Ибрагим өз-өзіне қол жұмсады. Ақпан айының басында ол қамау мерзімі аяқталғаннан кейін босатылған еді. Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы, Qazaq Banki акционері Жомарт Ертаевпен бірге 2020 жылы Bank RBK-дан 144 млрд теңге жымқыру ісі бойынша сотталған.
Астанада UMC Ана мен бала орталығының базасында «Бөбек» қазақстандық неонатологтардың алғашқы Симпозиумы өтті. Біздің еліміздің, алыс және жақын шетелдердің жетекші балалар мамандары жаңа туған нәрестелердің өмір сүруінің жаңа технологияларын практикаға енгізудің, неонаталдық, феталдық хирургияның, балалар кардио-, ангио — және нейрохирургиясының белсенді дамуының, туа біткен даму ақауларын анықтау бойынша ерте скринингтер жүргізудің өзекті мәселелерін талқылады. Форумда атап өтілгендей, нәресте өлімі әртүрлі факторлар әсер ететін өте сезімтал көрсеткіш болып табылады. Неонаталдық көмекті жақсартудағы және балалар өлімін азайтудағы айқын жетістіктерге қарамастан, денсаулық сақтау жүйесі жаңа қиындықтарға тап болды. Елде үш деңгейлі өңірлендіру жүйесі құрылды, заманауи жабдықтармен жабдықталған перинаталдық орталықтар жұмыс істейді. Алайда, туудың…
Мемлекет басшысының атынан Ұлттық құрылтай қатысушыларына ауызашар берілді Президент жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, оларға Ұлттық құрылтай жұмысына белсенді атсалысқаны үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Оразаға тұспа-тұс келген биылғы жиынның мән-маңызы ерекше екенін атап өтті. – Барша мұсылман қауымы Рамазан айын асыға күтеді, осы қасиетті айда ең асыл тілектерін тілеп, дұғаларын жасайды. Жұртшылық иманын күшейтіп, рухани тазарады. Азаматтарымыз мұқтаж жандарға көмектеседі, басқа да игі амалдар жасайды. Мұндай қадамдар, түптеп келгенде, әр адамға, әр шаңыраққа береке әкеледі. Сол арқылы еліміздің ынтымағы арта түседі, – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам дінін төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігі екенін айтып, ата дініміздің…