Қазақстанның Сыртқы істер министрі Венада халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесулер өткізді Венаға жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Венада аккредиттелген халықаралық ұйымдардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. БҰҰ-ның Венадағы бөлімшесінің Бас директоры – БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) Атқарушы директоры Гада Валимен кездесу барысында министр оған Қазақстанмен көп жылғы жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді. Сұхбаттастар есірткіге, қылмысқа, терроризмге және киберқылмысқа қарсы күрес саласындағы БҰҰ ЕҚБ өңірлік жобаларын талқылады. Қазақстанда синтетикалық есірткіге қарсы күрес жөніндегі жаңа жобаны іске қосу аясында тараптар 2025 жылы Астанада БҰҰ Өңірлік конференциясын өткізуге келісті.
Трендте
- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды