Автор: asylbek

KAZINFORM – Салқындатылған газды сусын бүгінде тойларда ғана емес, күнделікті дастарқанда да жиі тұрады. Оның жағымды дәмі тіл үйіргенімен, зиянды жағы да аз емес.  Солтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің техникалық регламенттер талаптарын бақылау бөлімінің басшысы Марина Давлетбаева газдалған тәтті сусынды жиі қолданбауды ескертеді. Аталған маман бұл тақырып бойынша бірқатар статистикалық мәліметті мысалға келтірді. Атап айтар болсақ, тәтті газдалған сусынды Қазақстан халқының 65%-дан астамы анда-санда тұтынады екен. Оның ішінде 6 мен 9 жас аралығындағы балалардың үштен бір бөлігі аптасына бір немесе одан да көп рет ішсе, 16,7%-ы күнделікті ішеді. Газдалған сусындардың құрамы жапсырмасында көрсетілген және тұтынушы үшін құпия емес –…

Толығырақ

Адвокат айыпталушыны қорғап БАҚ-қа сұхбат беру үшін прокурордан рұқсат алуы тиіс – депутаттар талапқа қарсы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәжіліс депутаттарының қарсылығына қарамастан заңда адвокаттар бәрібір прокурорлардың рұсқатын алуға міндетті екенін мәлімдеді. Мәжіліс депутаты Үнзилә Шапақ қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасындағы бірқатар нормаға байланысты сұрақ қойды. «Адвокат БАҚ-та теріске шығаруды беру үшін неге прокурордың рұқсатын алуы тиіс?» — деп сұрады ол. Бұл сұраққа жауап берген бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сілтеді.

Толығырақ

Павлодар әкімдігі Наурыз мерекесінде танымал екі әншіге 10 млн теңге төлемек Мерекелік бағдарламаға Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртас шақырылған. Жұлдыздарға гонорарға қала бюджетінен 10 млн теңге бөлінді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Павлодар әкімінің орынбасары Светлана Гладышева айтты.

Толығырақ

Тараз қаласының прокуратурасы талдау жүргізу барысында  мемлекет пайдасына тәркіленген жалпы сомасы 110,2 млн теңгенің мүлкін жасыру фактісін анықтады. Бұған дейін Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен «ASCO Pro» ЖШС-нен 110,2 млн теңге сомасындағы алкогольдік өнімдер тәркіленген. Алайда мекеменің бұрынғы басшысы тәркіленген тауарларды жасырған. Осы факті бойынша Тараз қаласының прокуратурасы ҚК-тің 425-бабы (тізімдеме жасалған немесе тыйым салынған не тәркілеуге жататаын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер) бойынша қылмыстық істі тіркеді. Тараз қалалық № 2 сотының 07.03.2024 жылғы үкімімен «ASCO Pro» ЖШС-ның бұрынғы басшысы ҚК-тің 425-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып,  4 жыл мерзімге кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айыра…

Толығырақ

Түркістан облысының прокуратурасы жосықсыз орман пайдаланушыға тиесілі аумағы 4 400 гектар аңшылық алқабын мемлекетке қайтару жөнінде шаралар қабылдады. 13.12.2019 жылы облыс әкімдігі аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін жерді беру туралы қаулы шығарған. Осы актінің негізінде Табиғи ресурстар басқармасы және «SCAT авиакомпаниясы» АҚ-ы арасында 20 жыл мерзімге аңшылық алқабын (4 400 га) жалға беру шарты жасалған. Шарттың 3-тармағына сәйкес пайдаланушы салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жерге төлемді уақтылы енгізуге міндетті болған (Салық кодексінің 588-бабы 3-тармағының 3-тармақшасы). Алайда, «SCAT авиакомпаниясы» АҚ шарт жасалған сәттен бастап жер учаскелерін пайдаланғаны үшін бюджетке салық аударымдарын жүзеге асырмаған. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жоғарыда аталған Басқармамен бұйрық шығарылып (21.02.2024…

Толығырақ

Бас прокуратура ескертеді Медиа-кеңістікте Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелеріне күмән келтіретін материалдар жариялануда. Мұндай мәліметтерді тарату оның нақты іс бойынша объективті және әділ сот төрелігін жүзеге асыруына кедергі жасау мақсатында сотқа әсер ету нысаны ретінде бағалануы мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 407-бабына сәйкес соттың қызметіне араласуға жол берілмейді және ондай әрекет үшін жазаланады. Көрінеу жалған мәліметтерді таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделген. Осыған байланысты Бас прокуратура барлық азаматтар мен БАҚ-тарды заңдылықты сақтауға шақырады, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудан және соттың қызметiне қандай да болмасын түрде араласпауды ескертеді.

Толығырақ

Алматыда «Мечта» тұрғын үй кешені сүрілді Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, нысанды бұзу бойынша сот процестері 2022 жылдан бері жалғасып келеді. Кешенді салу кезінде көптеген заң бұзушылықтар, 2 нысанға рұқсат беру құжаттары болмаған және бүкіл нысан бойынша көптеген қателіктер анықталған. Тұрғын үй кешенінің өзі тұрғын үйді пайдалану және күтіп ұстау үшін белгіленген нысаналы жер учаскесінде орналасқан. Осылайша, жеке тұрғын үй ретінде салынған кешен арқылы құрылыс салушы қала тұрғындарына жалған мәлімет беріп, пәтерлерді сатуды жоспарлаған.

Толығырақ

Қазақстандықтар Таиландта 30 күн визасыз жүре алады Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қолданылу мерзімі кемінде алты ай болуы тиіс жарамды жол жүру құжаты бар азаматтар (қазақстандықтар) аумаққа кіруге, шығуға, транзитке, уақытша тұруға визалық талаптардан босатылады. Алайда олар Таиландта күнтізбелік 180 күннің 90 күнінен артық болмауы тиіс. Қазақстан азаматы екінші тарап мемлекетінің аумағында күнтізбелік отыз күннен артық болғысы келсе, онда ол тиісті виза алуы тиіс. Құжатты қоғамдық талқылау 2024 жылдың 29 наурызына дейін жалғасады.

Толығырақ

Майқайыңда топырақтың опырылуынан тұрғындарға қауіп төнді Ауылда төтенше жағдай жарияланды. «Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың ауылында «Майқайың-алтын» АҚ жерасты кенішінің аумағында опырылған жерге жақын орналасқан үйлердің тұрғындарының өміріне қауіп төнгендіктен, жергілікті ауқымда техногендік төтенше жағдай жариялансын», –делінген қаулыда.

Толығырақ

«Шеврон» компаниясы Қазақстанның CPC Blend сұрыпты мұнайын Азияға енді Қызыл теңіз арқылы емес, Африканың Үміт мүйісін айналып өтіп жеткізетін болды. Сондағы мақсат – йемендік шиит-хуситтердің шабуылына ұшырау қаупінен алшақ жүру. Мұны осы саладағы үш дереккөз бен LSEG-нің (Лондон қор биржасы тобы) кемелерді қадағалау мәліметтеріне сүйеніп, «Рейтер» агенттігі хабарлады. Иранмен байланыстағы хуситтер палестиналықтарға қолдау, ал Израильдің Газаны бомбалау операцияларына қарсылық ретінде сауда кемелеріне қараша айында шабуыл жасай бастады. Бұл шабуылдарды тоқтату үшін Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастары қарулы топтың Йемендегі позицияларына соққы берді. Соған қарамастан, хуситтердің белсенділігі төмендемей тұр. Сол себепті Еуропа мен Азия арасындағы ең қысқа теңіз жолы –…

Толығырақ