• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазақ мұнайы Азияға жетуі үшін Африканы айналуға мәжбүр

Қазақ мұнайы Азияға жетуі үшін Африканы айналуға мәжбүр

13 марта, 2024 Жаңалықтар

«Шеврон» компаниясы Қазақстанның CPC Blend сұрыпты мұнайын Азияға енді Қызыл теңіз арқылы емес, Африканың Үміт мүйісін айналып өтіп жеткізетін болды. Сондағы мақсат – йемендік шиит-хуситтердің шабуылына ұшырау қаупінен алшақ жүру. Мұны осы саладағы үш дереккөз бен LSEG-нің (Лондон қор биржасы тобы) кемелерді қадағалау мәліметтеріне сүйеніп, «Рейтер» агенттігі хабарлады.

Иранмен байланыстағы хуситтер палестиналықтарға қолдау, ал Израильдің Газаны бомбалау операцияларына қарсылық ретінде сауда кемелеріне қараша айында шабуыл жасай бастады. Бұл шабуылдарды тоқтату үшін Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастары қарулы топтың Йемендегі позицияларына соққы берді. Соған қарамастан, хуситтердің белсенділігі төмендемей тұр. Сол себепті Еуропа мен Азия арасындағы ең қысқа теңіз жолы – Қызыл теңіз бен Суэц каналын пайдаланудан бас тартқан кемелер қатары көбейіп келеді.

Айта кетсек, CPC Blend мұнайы танкерлерге Ресейдің Қара теңіздегі Новороссийск порттық қаласының маңындағы «Южная Озереевка» терминалында тиеледі. Бұл жүк әдетте Азияға Қара теңізден Жерорта теңізіне, одан әрі Суэц каналынан өтіп, оңтүстікке қарай жүру арқылы жетеді. Ал жаңа маршрут бойынша қазақ сұнайы Жерорта теңізі арқылы батысқа қарай жүріп, содан кейін Африканы айналалы. Бұл бағыт әрине саяхатты көп күнге ұзартып, тасымалдау бағасын қымбаттады.

CPC Blend шикізатының көп бөлігі аталған терминалға Қазақстаннан барады. Дегенмен, осы сұрыптың қандай да бір бөлігін ресейлік компаниялар жеткізеді.  LSEG-нің дерегінше, ресейлік CPC Blend Қызыл теңіз арқылы әлі де өтіп жатыр.

Қызыл теңіздегі шабуылдар мен тасымал құнының қымбаттауы CPC Blend ағынын шектеп жатқан тәрізді. «Рейтер» дереккөздер мен өзге де мәліметтерге сүйеніп хабарлағандай, жалпы алғанда, Азияға CPC Blend жеткізілімі желтоқсандағы 1,2 миллион тоннадан қаңтарда 550 000 метрикалық тоннаға дейін екі еседен астамға қысқарған.

«Шеврон» бағытын өзгертетін нақты кемелер жайында түсініктеме беруден бас тартты. Айта кетсек, «Шевронның» қазақстандық «Теңізшевройл» компаниясы – қазақтың CPC Blend сұрыбын ең көп экспорттаушы.

«Шеврон» Қызыл теңіздегі және бүкіл Таяу Шығыстағы маршруттардың қауіпсіздігін белсенді түрде бағалауды жалғастырады және соңғы оқиғаларға негізделген шешімдер қабылдайды», – деп жазылған компания таратқан мәлімдемеде.

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) – Қазақстан шикі мұнайының негізгі экспорттаушысы. КҚК-нің басты акционерлері – ресейлік құбыр операторы «Транснефть», «ҚазМұнайГаз» және Chevron Caspian Pipeline Consortium Company. Осылардың біріншісіне КҚК-нің 24 пайыз, екіншісіне 19 пайыз, үшіншісіне 15 пайыз акциясы тиесілі.

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025351 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.