Автор: asylbek

Жақында Мәжіліс депутаттары кейбір заңнамалық актілерге кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатқа сәйкес, енді қарызын 3 ай төлемей жүргендерге тұтынушылық несие берілмеуі мүмкін. Бұдан басқа студенттерге оңды-солды қарыз беру де тоқтайды. Осы жаңашылдықтар туралы сарапшылар пікірін білдік, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Қазақстанда жас-кәріге қарамай несие алып жатады. Мәселен, 18-20 жас аралығындағы 480 мың қазақстандықтың тұтынушылық қарызы бар. Бұл Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы айтқан ақпарат. Оның ішінде проблемалық несиесі барлардың саны – 47 мың адам. Жоғарыда аталған заң жобасына сәйкес, енді кәмелетке толғандардың ресми табыс көзі болса ғана несие берілмек. Экономист Сапарбай…

Толығырақ

Биыл Наурыз мейрамын Түркі әлемі қалай тойлайды? Наурыз мерекесін атап өтетін мемлекеттердің арасында ең көп думандатып, демалатыны – әзербайжандар мен қазақстандықтар. Құжат жүзінде Наурызды бүкіл дүниежүзі мерекелейді. 2009 жылғы 30 қыркүйекте Наурыз-Навруз ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізілді. Сол кезден бастап, жылда 21 наурыз – әлемде «Наурыздың халықаралық күні» ретінде бекітілді. Ал іс жүзінде Әз-Наурызды Қазақстан мен Орталық Азия елдері, Иран, Балқан елдері, Түркия, бұрынғы Осман империясына кірген бірқатар мемлекеттер ресми немесе этностық деңгейде тойлайды. Бұрын Украина да оны атап өтуге мән беретін, бірақ соғыс өршігелі, биыл бұл елдің шат-шадыман мейрам ұйымдастыруға мүмкіндігі жоқ. Әралуан ел Наурызды әртүрлі…

Толығырақ

Жаңа кодекс: сән-салтанатқа салық көбейіп, міндетті төлем қысқарады Бұған дейін ашық айтылмай келген Салық кодексі ақыры жария болды. Ұлттық экономика министрілгі жаңа құжатты қоғамдық талқылауға шығарды. Онда экономиканың әртүрлі салаларында сараланған салық мөлшерлемесіне көшу, арнаулы салық режимдерін реформалау, салық жеңілдіктерін ретке келтіру, есептілік нысандарын 30 пайызға қысқарта отырып, салықтық бақылауды толық цифрландыру көзделген. Сонымен қатар, міндетті төлем түрлерінің санын кемі 20 пайызға қысқарту ұсынылды. Сарапшылар мұндай жағдайда салық төлейтіндер артады, — дейді.

Толығырақ

Өңірлік электр желілері компаниялары бюджеттік несиемен қамтамасыз етіледі Заң жобасы өңірлік электр желілері компанияларын (ӨЭК) бюджеттік несиелеуді көздейді. Бүгінгі таңда республика бойынша ӨЭК техникалық жабдықтарының 70-80 пайызы тозған. Коммуналдық ӨЭК үшін несиелер ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен 20 жылға беріледі. Коммерциялық ӨЭК үшін несие Қазақстан Даму банкі арқылы 7 пайызбен беріледі.

Толығырақ

Қазақстандықтар өздерінің шағын көлемдегі жаңартылатын энергия көздерінен артық электр энергиясын сата алады Мәжіліс жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау, электр энергетикасы және табиғи монополиялар мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасын Парламент депутаттары Мемлекет басшысының 2023 жылғы Жолдауында айтылған энергия тиімділігін арттыру және «жасыл» технологияларды енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатымен әзірледі. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі шағын ауқымды объект» ұғымы алғаш рет енгізіліп отыр. Бұл – қуаттылығы 200 МВт-тан аспайтын жел, күн және басқа да баламалы электр станциялары. Төмен қуатты жаңартылатын энергияның мұндай көздерін шағын және орта бизнестің, шаруа және фермер қожалықтарының, сондай-ақ жеке және көппәтерлі үйлердің қажеттіліктері үшін…

Толығырақ

Қазақстан жасанды интеллект көзімен – Алматыдағы «Нейроқазақстан» Алматыда Қазақстанды жасанды интеллект арқылы көрсететін инновациялық көркемөнер көрмесі ашылды. «Нейроқазақстан-2024» жобасы аясында ашылған көрмеге 120-дан астам картина қойылған. Жоба қонақтары еліміздің табиғаты, сәулеті, тағамдары, нейрондық желілердің көмегімен жасалған материалдық мәдениет элементтері туралы балама шолуды көре алады. Көрмеге экспозицияны өз шығармашылығымен толықтыратын қазақстандық авторлардың туындылары да қойылды. Ұйымдастырушылар экспозициямен танысуға мүмкіндік беретін тақырыптық қызықты квест дайындады, әр адам тікелей смартфонынан көрмеге арналған аудиогидті тыңдай алады. Жоба аясында «Нейроқазақстан-2024» үшін арнайы жасалған «цифрлық эволюция» иммерсивті фильмі ұсынылды. Мультимедиялық залдың қабырғалары мен едендеріне бейнелерді проекциялау арқылы көпшілік көрермен идеялар мен материя әлемін бейнелі түрде қайта…

Толығырақ

«Әділетті Қазақстан қашан орнайды?»: Ринат Зайытов министрдің жұмысын сынға алды Депутат өз сауалында Қылмыстық кодекстің 429-бабын мысалға алды. «429-бапта, өзіңіз білетіндей, «қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкерімен және оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамдарға күш қолдану қатерін төндіру немесе олардың денсаулығына және өміріне қол сұғу» туралы айтылған. Бұл қалай? Сонда біз Қылмыстық кодекстің бір бабымен адамды соттап, ал екінші бабымен қорғап отырмыз. Бұл неге жол ашып отыр? Мекеме әкімшілігімен келісімге келіп, басқа сотталушыларға зорлық-зомбылық көрсетіп отырған фактілер жетерлік. Осы орайда біз «сондай-ақ сотталған адамға қатысты» деген жерін алып тастауды сұрап отырмыз. Сіздің пікіріңізді білгім келеді», — деді мәжілісмен. Ринат Зайытов азаматтарды…

Толығырақ

«Жүрсіннің жүйрігі» атанған танымал айтыскер ақын 6 жылға сотталды Жезқазған қалалық соты Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшыларына қатысты парақорлық фактісі бойынша үкім шығарды. Осылайша, аталған лауазымды тұлғалар облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйым өкілімен сөз байласып, 2 млн теңге көлемінде пара алған. Сот үкімімен осы мемлекеттік мекемелердің басшыларына әрқайсысына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Толығырақ

БҚО-да есепші 7 млн теңге бюджет қаражатын құмар ойынға салған БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәліметінше, оқиға Қаратөбе ауданында болды. Қаратөбе ауданы прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлімі 1-тармағына (ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сәйкес материалды тіркеп, БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолдады. «Қаратөбе ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ есепшісінің құмар ойынмен айналысқаны анықталды. Есепші басшының рұқсатынсыз және бұйрығынсыз оның ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, 7 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырған. Есепші жауабында өзінің және жұбайының атына ашылған жеке кәсіпкерлік субъектісіне бюджет қаржысын бірнеше рет аударып келгенін айтты.…

Толығырақ

Қазақстан Германиямен бірлесіп 22 кооперациялық жобаны іске асырды, тағы 22 инвестициялық жоба іске асырылуда, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі. Германия Федеративтік Республикасының Эрфурт қаласында Қазақстан өнеркәсібі және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбековтің алғашқы жұмыс сапары басталды.  Вице-министрмен бірге кездесулерге қазақстандық бизнес өкілдері де қатысуда. Қазақстан мен Тюрингияның инвестициялық жобаларының ынтымақтастығына арналған іскерлік дөңгелек үстелде вице-министр Германияның өнеркәсіп салаларындағы жоғары инвестициялық белсенділігін атап өтті. Мысалы, Германиямен бірлесіп 22 кооперациялық жоба іске асырылды, оның ішінде Linde Group және Knauf компанияларымен, ал тағы 22 инвестициялық жоба іске асыру сатысында. Іс-шара қорытындысы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында энергия тиімділігі, кәсіптік білім беру, жол инфрақұрылымы…

Толығырақ