Жаңа кодекс: сән-салтанатқа салық көбейіп, міндетті төлем қысқарады
Бұған дейін ашық айтылмай келген Салық кодексі ақыры жария болды. Ұлттық экономика министрілгі жаңа құжатты қоғамдық талқылауға шығарды. Онда экономиканың әртүрлі салаларында сараланған салық мөлшерлемесіне көшу, арнаулы салық режимдерін реформалау, салық жеңілдіктерін ретке келтіру, есептілік нысандарын 30 пайызға қысқарта отырып, салықтық бақылауды толық цифрландыру көзделген.
Сонымен қатар, міндетті төлем түрлерінің санын кемі 20 пайызға қысқарту ұсынылды. Сарапшылар мұндай жағдайда салық төлейтіндер артады, — дейді.