Автор: asylbek

 KAZINFORM — Қылмыстық істің қозғалуына облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожиновтың өтініші себеп болған. Ол өзіне жала жабылды деп есептейді. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Серік Батырғожиновтың өткен жазда екі баланың анасын зорлағаны туралы ақпарат тарап кеткен еді. Лауазым иесі бұл айыптаумен келіспей, әйелді сотқа берді. Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі аталған оқиға бойынша келесідей хабарлама жасады: «Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов биылғы 8 қаңтардан қазіргі уақытқа дейін денсаулық жағдайына байланысты демалыста. Біздегі ақпарат бойынша Павлодар облысының полиция департаменті жеке тұлға Серік Батырғожиновтың өтінішіне сәйкес бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жәбірленуші тарап — Серік Батырғожинов» деп мәлімдеді баспасөз…

Толығырақ

Баянауылдағы Жұмбақ қыз тасының сыры әлі күнге дейін беймәлім KAZINFORM — Археологтер әлі күнге сырын аша алмай келе жатқан ғажайыптың бірі – Баянауылдағы Жұмбақ қыз тасы. Ол өте көне заман ескерткішіне жатады. Көргендердің айтуынша, түс ауа күн сәулесі тіке түскенде бір мезет әлгі тастан қыз бейнесі жарқырап шыға келетін болған екен. Ғалымдардың пайымдауынша, балбалтас көне түркі-қыпшақ ескерткіштері қатарына жатады. Ел ішінде айтылып жүрген аңыз әңгімелерге зер салсақ, «Жұмбақ қыз тасындағы» бейне тәуліктің бір мезгілінде, яғни күндізгі сағат үштерде көрінеді. Фото: Мұрат Аяған/Kazinform 1974 жылы академик Әлкей Марғұлан бастаған ғалымдар өңірде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, көне түркі заманынан да бұрынғы дәуірдің қоныс…

Толығырақ

Елімізде бидай және суды көп қажет ететін дақылдар алқабы KAZINFORM – Ауыл шаруашылығы министрлігі суармалы егіншілікті дамытуға ерекше назар аударып отыр. «2023 жылы егіс науқаны сапалы тұқымдарды пайдалану арқылы оңтайлы мерзімде жүргізілді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тыңайтқыштарды уақытылы енгізіп, ауыл шаруашылығы дақылдарын арамшөптер мен ауруларға қарсы химиялық өңдеуді дер кезінде жүргізді. Сонымен қатар, былтыр климат пен өсімдік ауруларының салдарынан егін шығымдылығына теріс әсер етті. Қазақстандағы құрғақшылық мәселесі өткір мәселе болып қалып отыр. Жамбыл облысында құрғақшылық салдарынан 6,3 мың гектар қант қызылшасы егістігі жойылды. Аймақта төтенше жағдай жарияланды. Егін жинаудың басында шаруалар жауын-шашынның көп болуына байланысты қиындықтарға тап болды, бұл астық…

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында орынбасары Серік Жұманғаринге инфляцияны төмендете алмаған өңірлердің мәселесін дереу баяндап отыруды тапсырды. «Серік Мақашұлы, аталған мәселенің әлеуметтік маңызы зор, сондықтан оны қатаң бақылауда ұстаңыз. Егер өңірлер жергілікті жерде инфляцияны төмендету бойынша қажетті шаралар қабылдамаса, тиісті шешім қабылдау үшін маған дереу баяндауыңызды сұраймын. Осы бағыттағы жұмыста тұрақтандыру қорлары, форвардтық және оффтейк-келісімшарттар, өнім құнын арзандатуды субсидиялау, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша сауда субъектілерімен келісімдер жасау сияқты пәрменді тетіктерді белсенді пайдалану керек», — деді Үкімет басшысы. Сондай-ақ, ол азық-түлік тауарларын өндіруге арналған басым дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайту қажеттігін еске салды. «Әкімдер делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялар жұмысының тиімділігін арттыруға…

Толығырақ

Детективтерге азаматтардың жеке деректері қолжетімді бола ма KAZINFORM – Қазақстанда жеке детективтердің қызметі туралы арнайы заң жобасы әзірленіп жатыр. Оның аясында жеке детективтердің азаматтардың жеке мәліметтерін алып, танысуға құқығы бар ма? Бұл сауалға Парламентаризм институтының сарапшысы Нұртай Иманғалиев жауап берді. «Жеке детективтер Қазақстан Республикасының Конституциясы, содан соң әзірленіп жатқан «Жеке детективтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы мен басқа да нормалар, актілерді қатаң сақтауы тиіс. Бұл заң жобасына өзгерістер енгізілуі мүмкін», — деді Нұртай Иманғалиев елордада «Қазақстандағы жеке детективтік қызметті заңнамалық реттеудің проблемалық мәселелері мен перспективалары» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында. Сарапшының мәліметінше, заң жобасы әзірге 5 тараудан, 25 баптан…

Толығырақ

Атырау облысында әйел өзінің жаңа туған балаларын сатып жіберген Бірінші баласын сатып жіберген соң уақыт өте келе тағы жүкті болады. Бір отбасына нәрестені сатуға келіскен, бірақ ақшаны алып, қашып кеткен. Сөйтіп жәбірленушілер 2,3 млн теңгеден айырылып қалған. Ал алаяқ ана басқа ерлі-зайыптымен келісім жасаған. Олар бала дүниеге келгенше шотына ақша аударып тұрған. Сосын жаңа туған нәрестені алып кеткен. Алаяқтық жасаған әйел 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сәбилерді сатып алған отбасылар шартты түрде 3 жылға сотталды.

Толығырақ

Елорда қоқыс алаңына айналып кетпей ме? Министрлік ірі қалалар мен аудан орталықтарындағы қоқыс мәселесін шешеміз деп отыр. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. «Астана тұрғыны ретінде бұл мәселеге алаңдаушылықпен қараймын. Әрбір өңірмен, республикалық маңызы бар қаламен жеке талқыланған жобалардың маңызы зор. Олардың жүзеге асырылуы тиімділігін береді деген ойдамын. Мемлекет тәуелсіздік жылдарында алғаш рет қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесін шешуге қомақты қаржы – 200 млрд бөліп отыр», — деді министр тілшінің сауалына берген жауабында. Журналист елордалықтар тарапынан қоқыс мәселесіне қатысты шағымдар келіп түсе ме деп нақтылады. «Қоқыс мәселесі барын, онымен күресу қажеттігін…

Толығырақ

АҚШ мұнай өндіру бойынша алтыншы жыл қатарынан көш бастап келеді АҚШ-та мұнай өндіру, конденсатты қоса алғанда, 2023 жылы тәулігіне орта есеппен 12,9 млн баррельді (б/с) құрап, 2019 жылы белгіленген бұрынғы рекордты 12,3 млн б/с жаңартты. АҚШ-та орташа айлық мұнай өндіру 2023 жылғы желтоқсанда рекордтық деңгейге 13,3 млн б/с жетті. Бұл ретте АҚШ-тың мұнай өндіру рекордын таяу болашақта ешкімнің бұзуы екіталай, себебі басқа бірде-бір ел тәулігіне 13 млн баррель өндіру қуатына қол жеткізе алмады.

Толығырақ

Парижде Эйфель мұнарасында үйленуге сөз байласқан қазақстандық жұпты Франция президенті құттықтады Қазақстандық инженер, әлемге үздік студент екенін дәлелдеген Санжар Тайжан Парижде сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасаған. Сол күні француз көшбасшысы Эммануэль Макрон жастарды кезіктіріп, олардың сөз байласқанын көріп құттықтаған. Президент олардан қай елден келгенін сұраған. Қазақстаннан екенін айтқанда, Макрон бұл елде болғанын, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазы тұқымды екі күшікті сыйлағанын айтқан.

Толығырақ

Қазақстандық дипломаттар Мәскеудегі Дон зиратында Әлихан Бөкейхановты еске алды Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. “Қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туған күніне орай Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің дипломаттары оның Дон зиратындағы сталиндік қуғын-сүргін құрбандары жерленген жаппай бейітке гүл шоқтарын қойды”, – делінген ақпаратта. Шараға Бөкейхановтың немере інісі, Мәскеу мемлекеттік технологиялық университетінің профессоры Нұрым Бөкейханов қатысқаны айтылады. Әлихан Бөкейханов – «Алаш» ұлттық демократиялық партиясының негізін қалаушы және жетекшісі, саяси және қоғам қайраткері, педагог, журналист және этнограф. 1989 жылы мамырда КСРО Жоғарғы сотының жарлығымен Бөкейханов қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды.

Толығырақ