- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
- Олжас Бектенов: Мұнай өндірісінің төмендеуіне қарамастан ЖІӨ 4%-ға жетті
- 2025 жылы инфляция төмендей ме – Ұлттық банк болжамы
- 2025 жылы ұлттық фильмдерді дамытуға қанша теңге бөлінетіні белгілі болды
- Түркістан облысында 203 млн теңге субсидия қаржысы жымқырылды
- Қостанай облысында 184 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
- Ұлытау облысында қанша үйді су басты?
Автор: asylbek
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі тапсырмасын орындау шеңберінде Көлік министрлігінің жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп үйлестіруімен өткен жылдан бастап жолдарда жүк автокөлік құралдарының салмақ бойынша параметрлерін өлшейтін автоматтандырылған станцияларды орнату бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Осылайша жолдардағы көліктік бақылау 157 мың шақырымда 43 жылжымалы бекеттің күшімен жүзеге асырылады. Яғни, 1 бекетке шаққанда 5 мың шақырымға дейін келеді. Сондықтан барлық жолды тек жылжымалы бекеттердің күшімен толық қамту мүмкін емес. Осыған байланысты Көлік министрлігі тарапынан таразылаудың цифрлық форматына толық көшу жөнінде шаралар қабылданып жатыр. Бұл мақсатта 2022 жылғы желтоқсанда автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмыс істеу тәртібін айқындайтын заң қабылданды. Аталған заңға сәйкес өлшеу станцияларын жергілікті автожолдарда –…
Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында 100 гектар аумақта қамыс өртенді. Жалын Ресеймен шакарадағы Құрманғазы ауданында тұтанған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің мәліметінше, қамыс өрті 2 наурыз күні сағат 15:45-те тұтанған. «Құрманғазы ауданындағы Құрманғазы ауылынан 40 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында тұтанған қамыс өрті 100 гектар батпақты аумақты шарпығаны анықталды. Қамыс өртінен Құрманғазы ауданындағы елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ. Кеше өртті сөндіруге сағат 17:57-де Құрманғазы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімінен, орман шаруашылығы мен жергілікті атқарушы органнан 36 адам, 5 мотопомпа, 1 техника, 4 мотоқайық тартылды», — деп хабарлады Жасұлан Бисембиев. Оның айтуынша, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жақын…
Татарстанның Қазан қаласында «Болашақ ойындарының» жабылу салтанаты өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық мультиспорттық турнир 21 ақпан мен 3 наурыз аралығында өтті. Ол цифрлық және классикалық спортты біріктіретін 21 инновациялық фиджитал дисциплиналарын біріктірді. Оның қатысушылары 12-62 жас аралығындағы 2 мыңнан астам адам болды. Олардың барлығы 294 командаға біріктірілді. Турнирдің жүлде қоры $10 млн құрады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі. Жарыстарға геймдев, эспорт, робототехника (дрон жарысы және робот шайқастары), кеңейтілген және виртуалды шындық, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект бойынша әзірлемелер кірді. Жалпы 21 дисциплина бойынша (16 негізгі және 5 кеңейтілген бағдарламада) өтті. Аталған ойындарға 13 пән бойынша 48 қазақстандық қатысты.…
«Самұрық-Қазына» Маңғыстау облысындағы Кендірлі демалыс аймағынан алыс емес Токымақ жерінде теңіз суын тұщыландыру зауытын салу жөніндегі лотты орналастырды. Жұмыс үшін 54,2 млрд теңге ұсынылды. Байқау қорытындысы бойынша зауыт — 51,5 млрд теңгеге салынады. Тапсырыс беруші «ҚазМұнайГаз» холдингіне кіретін «Ақ Су ҚМГ» ЖШС болып табылады. Теңіз суын кері осмоспен тұщыландыру жобасы (Seawater Reverse Osmosis SWRO Теңіз суының кері осмосы — Ред.) Жаңаөзен қаласына, сондай-ақ Кендірлідегі курорттық кешенге қызмет көрсететін болады. Тұщыландыру қабілеті жоспар бойынша тәулігіне 50 000 м3 құрайды. Қорытынды хаттамаға сәйкес, 2023 жылғы 16 тамызда құрылысқа арналған EPC-келісімшартты БАӘ-де орналасқан ливандық Metito LLC компаниясы бастаған консорциум жеңіп алды. Метитомен бірге…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты ведомствоның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады Мемлекет басшысының тапсырмаларына негізделген іс-қимылдар алгоритмі өз деңгейінде орындалды. Қазір қаладағы жағдай қалыпты, барлық тиісті мекемелер бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істеп жатыр. Президент министрге мегаполис тұрғындарының амандығын сақтау және Алматыдағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін қала әкімі Ерболат Досаевпен, сондай-ақ қаладағы барлық жауапты мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді жалғастыруды тапсырды. t.me/qr_tjm
Президенттің кеңесшісі Қанат Бозымбаев Су технологиялары мен ресурстары жөніндегі халықаралық форумда еліміздің су ресурстары проблемасына ғана мамандандырылатын базалық жоғары оқу орындарының бірін қалпына келтіру мәселесі қаралып жатқанын хабарлады. Атап айтқанда, 1998 жылға дейін жұмыс істеген Жамбыл гидромелиорациялық институтын қайта құруды көздедуде. «Өкінішке қарай, біздің бір саладағы ғылыми зерттеулеріміз шетелдік зерттеулерден артта қалып отыр. Қазір сала бұрынғыдан да сапалы кадрларға мұқтаж. Бізге су саласы үшін мамандар даярлау кезінде білім беру стандарттары мен тәсілдерін қайта қарау қажет. Еліміздің су тақырыбына маманданған базалық жоғары оқу орындарының бірін қалпына келтіру мәселесі қарастырылуда «, — деді Бозымбаев. Кейін ол мұндай жоғарғы оқу орны Таразда құрылатынын…
28 ақпанда Латын Америкасының «Andromeda» радиостанциясының «Димаштың ғаламы» бағдарламасында қазақстандық өнерпаздың «When I’ve Got You» атты жаңа әні алғаш рет шырқалды, деп жазады Ulysmedia.kz dimashnews.com. сайтына сілтеме жасап. Тыңдаушыларға шығарма ұнағаны сонша, олар радиожүргізушілерден оны қайта қоюын өтінген. Universo Dimash («Димаштың ғаламы») бағдарламасы алғаш рет осыдан тура бір жыл бұрын, 2023 жылдың 1 наурызында Қазақстанда Алғыс айту күні мен Наурыз мейрамының қарсаңына орай эфирге шыққан болатын. Димаштың әндері алғаш рет 7 ақпанда Мексика радиосынан шырқалған еді. Ал бұны ұйымдастырған әншінің халықаралық Mahabbat Dears фан-клубы еді. Эфирдің тыңдаушылар арасында үлкен толқу мен сұраныс тудырғаны сонша, Andromeda Radio жүргізушілері толығымен қазақстандық орындаушының шығармашылығына…
Ресей Жоғарғы соты президенттікке кандидат болғысы келген Надеждиннің меселін қайтарды Бұл жөнінде РИА «Новости» апелляциялық сот шешіміне сүйеніп хабарлады. Жоғарғы сот Надеждиннің Орталық сайлау комиссиясының 21 ақпандағы шешімін заңсыз деп тану туралы талабын қанағаттандырудан бас тартты. Надеждиннің шағымын апелляция алқасы бүгін, 4 наурызда қарады. «Бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалды, шағымды қанағаттандырмады» деп жазды Надеждин телеграм-арнасында. Соғысқа қарсы ұстанымдағы Борис Надеждин қазіргі президент Владимир Путинге балама кандидат ретінде Ресей президенті сайлауына қатысатынын мәлімдеген. Оның штаб-пәтеріне қол қоюға келген адамдардың ұзын-сонар кезекте тұрғаны жұрт назарын өзіне аудартқан.
Ол 30 наурызға дейін жалғасады. Қазіргі таңда 110 мың адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Атап өтсек, ҰБТ-ға тіркелу 10 наурызға дейін Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz. сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. Наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады. Қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды. ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалды, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. Алайда,…
Қазақстанда мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының басшылары мен педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары басталды. Курстарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы жүргізеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Орталықта білім беру бағдарламалары келесі басым бағыттар бойынша жүргізіледі: пәндік-кеңістіктік даму ортасы, арт-педагогикалық технологиялар, арнайы және инклюзивті білім беру. Еліміздің 17 өңірінде 10 бағдарлама бойынша тегін оқыту 26 ақпанда басталды. Биыл мектепке дейінгі ұйымдардың 11 000-нан астам педагогін қамту жоспарланған. «Курс басталған күні 1453 педагог оқуға кірісті. Курстардың бағдарламалары оқытудың инновациялық және ойын түрлеріне бағдарланған және бала дамуының жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып құрылған. Алғаш рет мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының жаңа тәсілдерін…