• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Сапасыз кино санасыз ұрпақ тәрбиелейді

Сапасыз кино санасыз ұрпақ тәрбиелейді

4 марта, 2024 Қоғам

Сапасыз кино санасыз ұрпақ тәрбиелейді

 

Қазақ киноиндустриясы- көптен бері түйіні шешлімей, қоғам талқысына түсіп жатқан күрделі мәселенің бірі. Кезінде артына өшпестей із қалдырған «Менің атым Қожа», «Қыз Жібек» сынды Шәкен Аймановтай алпауыт режиссерлердің еңбегі әлі күнге дейін көрермен назарынан тыс қалған жоқ.

Кеңес кезіндегі саяси цензураға қарамастан астарлап болса да қазақтың тарихын, дәстүр, салтын ұрпақтан -ұрпаққа жеткізе білген көреген ағалар мен атақты әртістердің шынайы бейнесі қазақ киносын биікке көтерді. Тәуелсіздік алғалы қазақ киносы түрлі оқиғаларды бастан өткерді.

Жоқшылық пен жетіспеушіліктің салдарынан атағы жер жарған актерлеріміз саудаға кетіп, саундтректерге түсіп, жарнама жариялап әйтеуір өлместің күнін көре жүріп, өнерге қайта оралды.

Шынтуайтқа келгенде, қазақ киносы 2000 жылдан кейін ғана тіріле бастады. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы заман ағымына сай кино саласына да бірқатар өзгерістер енгізді. Дегенмен де млндаған қаржы бөлгенмен халықаралық дәрежеде кино саласы көріне алмады.

Соңғы жылдары жеңіл желпі, арзан күлкіге арналған киноларға толып кетті. Айфоны мен ақшасы барлар ойы мен орамы жоқ, психологиясы мен философиясы жоқ киноларды саңырауқұлақша қаптатты.

Көрермен талғамы өзгерді ме? Әйтеуір кино саласы қоғамның талқысына айналып кетті. Кешегі «КВН»  «Жайдарман» т.б жастарға арналған ойын, сауық отауларынан шыққандардың барлығы «актер» атанып кетті.

Жақында белгілі әртіс, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржұман Ықтымбаев Ақан Сатаев пен Нұрлан Қоянбаевтың жұмыстарын қатан сыңға алды. Актер бюджеттен миллиондар бөлінгенмен нәтиже жоқ деді. Ақан Сатаев түсірген «Томирис» фильмін сынай отырып, режиссерлердің тарихтан мақұрым екендігін баса айтты.

Ал Қоянбаевтың комедияларын шынайы комедия емес екендігін оның артында тұңғиық ойлар мен терең философияның жоқтығын, көрермен жүрегіне әсер етпейтін жеңіл шығарма ретінде бағалады. Расында, қазақ киносында тың тақырыптар жеткілікті.

Әлі күнге дейін үш жүздің басын қосқан Абылай ханды, Қабанбай мен Бөгенбайды, Наурызбай мен Малайсарыны т.б ел қорғаған ержүрек баһадүр бабаларымыз туралы бірде-бір таңдай қақтырар шығарма жоқ. Біз Шыңғыс хан қазақ па? монғол ма? деп таласып жүргенде көршілес Өзбек елі «Жалантөс батыр» фильмін шығарды.

Жер жарған жарнамасына қарағанда керемет туынды болғанға ұқсайды. Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаева ханым кино саласын бақылауға алғанын, бөлінетін қаражаттар мен кинолардың тақырыптарын ресми сарапшылар комиссиясы қарайтынын айтқан болатын. Іргеміздегі айдаһар елі өзі тарихында бір мемлекетті жеңіп көрмеген болса да, киноларында мыңдаған адамдар мен декорациялар жасап, аңыз, әпсанадан құрылған тарихи сериалдарын көріп таң қаласың.

Бізге де неге осындай деңгейдегі фильмдер түсірмеске. Қаражат бар. Әртістеріміз бар. Баяғыда «Көшпенділерге» шетелден әртіс шақырып масқара болып едік. Енді біздің кинондустрия саласының әлеуеті жететін жылына екі, үш сапалы фильм шығарсақ та жетер.

Ұлттың болашағы, өскелең ұрпақтың санасына әсер ететін кино саласында тың реформалар қажет-ақ. Қоғамның ой, пікірімен санасатын құзырлы мекемелер құр сөзден, нақты іске көшеді деген сенімдеміз.

Асылбек Байжұмаұлы

фото Ulysmedia телеграм каналынан алынды.

Оқылып жатыр

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024850 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025390 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.