- Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді
- Енді таксилерге тағы бір міндет жүктелмек
- Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты
- Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды
- Қостанай атауының өзгерді ме?
- Солтүстік Корея жауынгерлері Украинамен соғысуға аттанып жатқаны рас па?
- Талғарда күдікті изолятордан қашып кетті
- Қорғаныс министрлігі грантқа ие болған сарбаздардың тізімін жариялады
Автор: asylbek
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде ғалымдардың әлеуметтік мәртебесін арттыру бойынша іске асырылып жатқан шаралар туралы айтылды. «Бүгінде министрлік «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы аясында ғалымдардың әлеуметтік деңгейін арттыруға ықпал ететін шараларды қабылдауда. Соның бірі – жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға жыл сайын гранттар, оның ішінде жас ғалымдарға арналған гранттар бөлу», — делінген Kazinform агенттігінің Ғылым және жоғары білім министрлігіне жолдаған сауал жауабында. Сонымен қатар, министрлік пен «Отбасы банк» АҚ арасындағы 2023-2027 жылдарға арналған жас ғалымдарға арналған кредит беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде 80 жас ғалым баспана алған.
АСТАНА. KAZINFORM – Бельгия үкіметі келесі аптада Газа секторына гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылдады. Бұл ретте Палестина халқына жалпы құны 500 мың еуроны құрайтын жүк әскери ұшақтардан әуеден түсіріледі. Премьер-министр Александр Де Крооның айтуынша, Бельгияның көмегі жалпы құны 100 мың еуро болатын азық-түлік өнімдері мен 400 мың еуроға жуық медициналық құрал-жабдықтардан тұрады. Гуманитарлық көмекті әуе арқылы жіберу шешімі Газаға шекаралық өткелдер арқылы жүк тасымалдаудың қиындығына байланысты қабылданды. Бельгияның A400M ұшағы Иорданияға ұшады. Жүк бір апта ішінде Газа секторына жеткізіледі. Осы мақсатта иорданиялықтармен әуе операциясының практикалық жағын талқылау және талдау үшін елге Қорғаныс министрлігінен бір топ жіберілді. Бұған дейін Франция…
Жібек Құламбаева жұптық сында Гургаон (Үндістан) ITF турнирінің жеңімпазы атанды Қазақстандық теннисші үндістандық Анкита Раинамен бірге жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген еді. Құламбаева — Раина финалда доданың екінші ракеткалары швециялық Жаклин Кабай Авад — литвалық Юстина Микульскитемен чемпиондық атақты сарапқа салды. Қазақстандық-үндістандық жұп 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Көкшетау тұрғыны синтетикалық есірткі сақтағаны үшін 4 жылға сотталды Азамат «К» «Telegram» мессенджері арқылы шартты жерде «бетбелгі» түрінде қалдырған психотроптық заттарды сатып алғаны анықталды. Сол жерде азамат «К» психотроптық заттарды қолданып, екінші «бетбелгі» іздеуге шығып, полиция қызметкерлерімен ұсталды. Ұсталған кезде азамат «К» есірткілік масаң күйінде болған. Сот азамат «К» кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі түзеу мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды. Жастар арасында есірткі қолданудың алдын алу мақсатында сот отырысына студенттер тыңдаушы ретінде қатысты.
БЖЗҚ жинақтарын қолдану ережелері өзгертілді Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан түсетін мақсатты жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлеп бекітті Бұл ережелерге сәйкес, 18 жасқа толған жастар өздерінің өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін жинақталған қаражатты пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Осы орайда жинақталған қаражатты азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша түпкілікті есеп айырысуға, ипотекалық несиелер бойынша бастапқы жарна төлеуге, тұрғын үй құрылыс жинақ салымдарын толықтыруға бағыттауға болады. Сонымен қатар, мақсатты жинақтарды толықтыру үшін жақын туыстары мен жұбайларының салымдарын бөлу мүмкіндігі қарастырылған. Дегенмен, үйді жұбайынан немесе жақын туыстарынан сатып алуға жол берілмейтінін ескерген жөн.
Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау күні белгілі болды “Сот кабинетінің” деректеріне сәйкес, алдын ала тыңдау дүйсенбі, яғни 11 наурызда өтеді. Істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Құлбаева қарайды. Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді.Оған екі бап бойынша айып тағылып отыр: ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы – “Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру”; ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы – “Кінәліге материалдық жағынан тәуелді адамға жасалған жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы дене және психикалық зардап келтіру”. @baq_kz
Алматыда қызыл кітапқа енген құсты атып кеткен Осыдан үш күн бұрын Сайран көліне аққұтан мен үйрек әкелінген еді, бір аптаға жетпей белгісіз біреулер Қызыл кітіпқа енген аққұтанды атып кеткен. Қанаты зақымданған. Кеудесіне оқ тиген. Құсты таксимен “Айболит” ветеринарлық орталығына апардық. Аяқтары да сынған көрінеді. Оның мұндай халге қалай түскенін білмеймін. Құсты көрген адамдар оны жылы жерге кіргізіп, маған хабарласты. Жан-жануарларға зиян тигізбейік. Оларды келешек ұрпақ үшін сақтап қалуға тырысайық, – дейді ерікті Наталья Сульжик. @baq_kz
Елімізде көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл көлемі артады Мәжіліс депутаттары белгіленген мөлшерден сағатына 60 шақырым немесе одан да көп жылдамдық асырған жүргізушілерге 147 мың теңге айыппұл салуды ұсынып отыр. Көлік иесі бір жыл ішінде ережені екі рет бұзса, әкімшілік жазаның мөлшері де өседі. Осылайша, адам өлімімен аяқталатын апаттардың алдын алу көзделген. Жауапты ведосмтво өкілдері соңғы уақытта қала ішінде сағатына 180-220 шақырым жылдамдықпен жүретіндер көбейгенін мәлімдеді. Оң-солына қарамай жүйткитін жүргізушілер бұл әрекетке саналы түрде барады, бірақ соңы адам өлімімен аяқталуы мүмкін. Жаңа норма әлі мәжілістің қарауында. Депутаттар мақсат – айыппұл арқылы мемлекет қазынасын толтыру емес, қайғылы оқиғаға әкелетін апаттардың санын азайту екенін…
МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНЕ ҚОҚИҚАЗДАР ҰШЫП КЕЛДІ Су қоймасы жыл құстары қонатын сүйікті орынға айналған. Құстар көктем мен күз мезгіліндегі қоныс аудару кезінде әлденіп алу үшін қонады. Көлде қоқиқаздарға азық мол. Қарақия-Қаракөл қорықшасы сирек кездесетін жан-жануар мен құстарды қорғайтын орын. Су айдынында қанаттылардың жүзден астам түрі кездеседі. Олардың 20-ы «Қызыл кітапқа» енген.
Алты қаланың тұрғындарына ертең далаға шықпауға кеңес берілді 3 наурызда Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Риддер, Орал, Ақтөбе қалаларында ауаның ластануына байланысы метеорологиялық жағдай қолайсыз болады, деп болжады «Қазгидромет» синоптиктері. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттар жиналады. Осыған байланысты мамандар мынадай кеңес берді: көшеде, әсіресе тас жолдардың маңында жүру уақытын қысқартыңыз; балалар мен жүкті әйелдер ұзақ уақыт серуендеуден бас тарту керек; созылмалы аурулармен ауыратын адамдар өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмекті алып жүруі керек. @sputnik_aitady