2025 жылғы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Ильичевка ауылындағы «Тайынша май» ЖШС аумағында сұйытылған газды тасымалдаған автокөлік өртенді. Бұл туралы СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Алдын ала мәліметке сәйкес, жанармай құю кезінде газгольдердің шлангісі үзіліп, соның салдарынан газ тасығыш көлік, одан кейін жерасты резервуарының тіреуіш арматурасы өртенген. Оқиға орнына жедел түрде СҚО және Ақмола облыстарының құтқару бөлімшелері тартылып, өңіраралық өзара іс-қимыл жоспары іске қосылды. Төтенше жағдай салдарынан 9 адам түрлі дәрежедегі күйік алып, Көкшетау қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуі алғашқы медициналық көмектен кейін үйіне жіберілді. Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында 50 шаршы метр алаңды…
Автор: journalist
2025 жылдың соңына дейін еліміздегі барлық 112 бағыт бойынша қатынайтын пойыздарға бейнебақылау камералары толық орнатылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады. Компания мәліметінше, камералар орнатылғаннан кейін пойыздардағы құқық бұзушылықтар саны 2024 жылмен салыстырғанда 21%-ға азайған, ал жолаушылар тарапынан түскен шағымдар 32%-ға төмендеген. Сонымен қатар, ұмыт қалған заттардың 91%-ы иелеріне қайтарылған. Бүгінде пойыздарда 4000 бейнекамера орнатылып үлгерген. Жоба толық іске асқаннан кейін жолаушылардың қауіпсіздігі мен мүлкін қорғау деңгейі одан әрі артады деп күтілуде.
Экология және табиғи ресурстар министрі Үкімет отырысында 2027 жылға дейін елімізде 2 млрд ағаш отырғызу жоспарланғанын мәлімдеді. Бүгінгі күнге дейінгі нәтижелер: 1,3 миллиард ағаш мемлекеттік орман қоры аумағында отырғызылды; Оның ішінде: 48,7 миллион сексеуіл көшеті Арал теңізінің құрғаған табанына егілді; Елді мекендер аумағында 15 миллион ағаш отырғызу тапсырмасы толық орындалды. Бұл бастама климаттың өзгеруіне қарсы күрес, экологиялық ахуалды жақсарту және болашақ ұрпаққа жасыл мұра қалдыру мақсатында жүзеге асырылады
Белгілі математик Ырысбек Мәуіт ҰБТ-дан 140 балл алған оқушысына автокөлік сыйлады. «Зерделіде» білім алған Жанайым Рашид ҰБТ-дан ең жоғары 140 балл жинаған. Оның табандылығы мен еңбегін бағалаған Зерделі оқу орталықтары мен мектептері желісінің негізін қалаушы Ырысбек Мәуіт шәкіртіне Zeekr көлігін сыйға тартты. «Бұл жай сыйлық емес, бұл – білім мен еңбектің шынайы бағалануы», дейді Нұрымжан Жұмағазиев.
Шерзат Полаттың ісі бойынша сотталғандардың басым бөлігі соттың үкіміне апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді. Адвокаттың айтуынша, алғашқы сот үкімі 21 маусымда заңды күшіне енген. Осы күннен бастап сотталғандардың апелляцияға шағымдануға 15 күні бар. «Қазіргі таңда барлық сотталғандар мен олардың қорғаушылары апелляциялық шағымдарын тапсырды. Тек Шыңғыс Белғожаев пен кәмелетке толмаған Думан Ысқақ әзірге шағым түсірген жоқ», деді Шекеев. Естеріңізге сала кетейік, 5 маусымда Талдықорған қалалық сотында аталған қылмыстық іс бойынша тоғыз айыпталушыға үкім шыққан болатын. Тергеу дерегі бойынша, басты айыпталушы Абзал Шынасыл 23 жылға орташа қауіпсіздік мекемесінде бас бостандығынан айырылды. Равиль Сакиевке — 20 жыл,…
Енді тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын тексеретін сынақ зертханалары мен өзге де сертификаттау ұйымдары жұмыс істеуге рұқсатты цифрлық форматта ала бастайды. Бұл шешім Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасына сәйкес қабылданды. Бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі мен оған қарасты ұйымдарда аудит жүргізіліп, Ұлттық аккредиттеу орталығы 550 кәсіпкерге заң талаптарына сай арнайы бланкіде аккредиттеу аттестаттарын бермегені анықталған болатын. Аталған бұзушылықтарды жою және рәсімді жеңілдету мақсатында Жоғары аудиторлық палата Сауда министрлігіне Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді және аттестаттарды беру процесін цифрлық форматқа көшіруді тапсырды. Нәтижесінде 2025 жылғы 19 мамырда «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңға тиісті өзгерістер енгізілді.
Жуырда QS World University Rankings 2026 нәтижесі жарияланды. Онда еліміздің үш университеті алғаш рет озық тізімге қосылды. Биыл 106 елден 8467 университеттің жетістігі сарапқа салынған, рейтингтің қорытынды тізіміне 1501 университет енді. Бұл қатарға еліміздің 20 жоғары оқу орны ресми түрде енген. Ал рейтингке шыққан үш жоғарғы оқу орны – Shakarim University, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті. Shakarim University QS ұйымы жүргізген халықаралық академиялық және іскерлік қауымдастық арасындағы сауалнама нәтижесінде студенттерді даярлау сапасы, түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі және білім беру бағдарламасының практикамен ұштасуы сынды бағыттар бойынша жоғары бағаға ие болды. Көрсеткішке жету үшін кадрлық…
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының алғашқы кеңейтілген алқа мәжілісінде азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігіне байланысты мәселелерге ерекше тоқталып, бұл бағыттағы жұмысты күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Мемлекет басшысы соңғы уақытта интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстарының күрт өскенін атап өтті. Мұндай әрекеттер, әдетте, шетелден басқарылатын ұйымдасқан қылмыстық топтар тарапынан жүзеге асырылатыны белгілі. Бұл тергеу барысын айтарлықтай қиындатып отыр. – Алаяқтық әрекеттердің алдын алу – аса маңызды. Қазіргі уақытта Ұлттық банк жанынан заманауи антифрод-орталық құрылды. Сонымен қатар, банк пен ұялы байланыс операторларының инфрақұрылымын заңсыз пайдалануға жол бермеу мақсатында ортақ жауапкершілік жүйесі енгізілуде. Қазақстан азаматтарының жеке деректерін сенімді қорғау…
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген және ақшаны заңдастыруға қатысы бар деген күдікке ілінген азаматқа қатысты тергеуді аяқтады. Тергеу нәтижесінде күдіктінің қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражат пен мүліктік активтерді пайдаланып, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алғаны дәлелденді. Атап айтқанда, ол шамамен 1,5 млрд теңге көлеміндегі заңсыз табысты жұбайының атына ресімделген нысандарды қоса алғанда, Алматы қаласы мен Алматы облысындағы люкс автокөліктерді, пәтерлерді, жер учаскелерін және басқа да жылжымайтын мүлікті сатып алуға жұмсаған. Қаржылық тергеу барысында қосымша 1,7 млн АҚШ доллары (яғни 872 млн теңгеден астам) және күдікті мен оның жұбайының екінші деңгейлі банктердегі шоттарында жатқан 47…
Павлодар облысының төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясы өңірдегі ауа райының күрт нашарлауына байланысты үш қала мен бірнеше ауданда төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылдады. Облыс әкімдігінің мәліметінше, 30 маусымға дейін дауыл салдарын жоюға байланысты өтініштер қабылданады. Зардап шеккен жеке үй тұрғындарына 100 АЕК (393 200 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі. Төлем алу үшін қажетті құжаттар: Төтенше жағдай бөлімінен (ТЖБ) алынған анықтама (жарамдылық мерзімі – 6 ай); Мүлікке құқықты растайтын құжаттар; Банктік шоттың бар екені туралы анықтама; Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірмесі). Ресми мәліметтерге сәйкес, бұл көмек апаттан зардап шеккен азаматтардың жекелеген санаттарына бағытталған.