2025 жылдың соңына дейін еліміздегі барлық 112 бағыт бойынша қатынайтын пойыздарға бейнебақылау камералары толық орнатылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады.
Компания мәліметінше, камералар орнатылғаннан кейін пойыздардағы құқық бұзушылықтар саны 2024 жылмен салыстырғанда 21%-ға азайған, ал жолаушылар тарапынан түскен шағымдар 32%-ға төмендеген. Сонымен қатар, ұмыт қалған заттардың 91%-ы иелеріне қайтарылған.
Бүгінде пойыздарда 4000 бейнекамера орнатылып үлгерген. Жоба толық іске асқаннан кейін жолаушылардың қауіпсіздігі мен мүлкін қорғау деңгейі одан әрі артады деп күтілуде.