Мереке батыс өңірлерден бастау алады. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды.
Көрісу күнінің қашан және қалай пайда болғаны туралы нақты дерек жоқ. Алайда этнографтардың бір бөлігі оны күнтізбемен байланыстырады.
Ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлы Ахаттың жазбаларында 14 наурыз – ескіше бірінші наурыз екені айтылады.
«Әкей айтты: бүгін ескіше 1 март, қазақша Жаңа жыл – Ұлыстың ұлы күні», — делінген ақын жазбасында.