• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Беташар ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енді

Беташар ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енді

5 декабря, 2024 Әлем

Қазақ халқының беташар салты ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді. Осылайша көнеден келе жатқан беташар салтымыз адамзаттың асыл мұраларының біріне айналып отыр. Ал әлем назары түскен ата салтымызды ардақтап жүрміз бе? Данияр Әлімқұл ел пікірін естіп келген еді.

Қазақтың беташары ЮНЕСКО-ның әлемдік құндылығына айналды. Бүгін Оңтүстік Америка құрлығының орталығынан осындай жағымды жаңалық жетті. Ақжолтай хабарды алдымен Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин желідегі жазбасында жариялады.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:

Жаңа ғана Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі «Беташар» адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді.

Иә бұл дегеніміз беташарды бүкіл әлем мәдени мұра тізіміне қызыға қосып, қызғыштай қоруға бет бұрғанын білдіреді. «Салтын сақтап, дәстүрін дәріптеген қазақ үшін бұл үлкен жеңіс», — дейді Атхан ақсақал. 81 жастағы жамбылдық жыршы әлі күнге той жүргізеді, 50 жыл бет ашқан. Ал бір үйдің беташары үшін 7,5 метр өлең жазған.

Атхан Иманалиев, Қордай ауылының тұрғыны:

7 метрден асатын беташар жаздым. Кім сөйлейді, міне, әндері, жырлары әрбір адамға деген. 200 адам шақырғанда бір адам келсе, мен айтамын сені бір адам құрметтеп жүр. Осал емессің сен деймін. Ол жерге бәрі құрметті деп шақырады. Демек құрметті деп шақырғаннан кейін әр қонаққа назар аудару керек.

Беташар – алдымен ақын сөзі. Өлеңмен өрілген шумақтарда жас келінге өнеге, жалпыға өсиет болуы керек. Ақын депутат Қазыбек Иса алты құрлық көз тіккен ата салтымызды жеңілтек дүниеге айналдырмау керек, — дейді.

Қазыбек Иса, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Әдеп нормалары айтылады. Одан кейін өсиет, өнегелер айтылады. Одан кейін келіннің міндеттері айтылады. Қазіргі беташарлардың көбісі шоуға айналып кетті. Бет ашатын адамның, ақынның да салмақты, әйгілі, белгілі таланты болуы керек. Сол ауылдың, аймақтың қасиетті, қадірлі кісілерін бәрін сол жерде жұптап жазып, әдемілеп келтіруі керек.

Айта кетейік, Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенция осыдан 21 жыл бұрын қабылданды. 8 жыл бұрын түркі жұртының Наурыз мерекесі де дүниежүзілік ұйымның әлемдік тізіміне кірді. ЮНЕСКО адам шығармашылығы мен мәдени алуандықты құрметтеуді назарға алады. Ендеше бұл қатарға ұлтымыздың өзге де құндылықтары қосылатынына сенім мол.

Оқылып жатыр

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.