• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні

Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні

21 ноября, 2024 Қоршаған орта

Бұл күн жыл сайын коммерциялық балық аулау және балық өнеркәсібімен айналысатын адамдармен бірге аталып өтеді.

Оның басты міндеті — кәсіпшілік балық шаруашылығының әлем экономикасындағы маңызын анықтап, тұрақты балық аулау шаруашылығының маңызы туралы хабардарлықты арттыру. Еліміздің де мерекелік күнтізбесінде «Балық шаруашылығы қызметкерлері күні» деп аталатын атаулы дата бар. Ол жыл сайын шілденің екінші жексенбісінде аталып өтіледі. Сол күні балық шаруашылығы қызметкерлерін, балық шаруашылығы ғылымының ғалымдарын, балық өсірушілерді, балық инспекциясы қызметкерлерін, кәсіби балықшыларды және әуесқой балықшыларды құттықтау әдетке айналған.

Бүгінгі таңда балық өсірумен 502 балық өсіретін шаруашылық айналысады, оның ішінде:

  • 364 көл-тауарлық балық шаруашылығы;
  • 93 тоған шаруашылығы;
  •  27 тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы;
  • 18 тұйықталған сумен жабдықтау қондырғысы және бассейндік шаруашылығы бар.

2023 жылдың қорытындысы бойынша өсірілген балықтың жалпы көлемі 17,1 мың тоннаны құрады. Негізінен балықтың тұқы (тұқы, дөңмаңдай, амур), албырт (форель), бекіре тұқымдас балықтар, африкалық сом, шаян тәрізділер (асшаяндар) өсіріледі.

Қазіргі балық шаруашылығы субъектілерін субсидиялау нысанында балық шаруашылығы мен жем-шөп өндірісіне салынған инвестициялардың — 25, азық сатып алу кезіндегі шығыстардың — 30, балық өсіру-биологиялық негіздемені, балық отырғызу материалы мен дәрілік препараттар және бағалы балық түрлерінің жөндеу-аналық табынын сатып алуға жұмсалған шығыстардың 50 пайыз қаржылық қолдау шаралары бар.

Осы жылдың 31 мамырында Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды кредиттеу қағидаларына АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларын кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру кезінде бюджеттік кредиттеуді көздеу бөлігінде мынадай өзгерістер енгізілді:

  1. қуаттылығы жылына 25 тоннадан басталатын балық және басқа да су жануарларын өсіретін балық өсіру шаруашылықтары;
  2. өңдеу, одан әрі терең өңдеу және сақтау, өндірістік қуаты тәулігіне 1 тоннадан басталатын балық өңдеу кәсіпорны.

Бұл өзгерістер 2024 жылғы 22 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді. Сондықтан бүгінгі таңда балық шаруашылығы субъектілерінің балық шаруашылығы саласындағы тиісті жобаларды іске асыру мақсатында сенім білдірілген агенттер арқылы 2,5 пайыздық жеңілдікті мөлшерлемемен 10 жылға дейін кредиттер алуға мүмкіндігі бар. Қарыздың ең жоғары сомасы — 5 млрд теңгеге дейін.

Балық өсірумен айналысатын субъектілер үшін Салық кодексіне сәйкес арнайы салық режимі қолданылады. Ол бойынша салықтар 70 пайызға төмендетілді. Балық шаруашылығы саласына инвестициялар кезінде салық жеңілдіктері мен преференциялары бар арнайы экономикалық аймақтар аумағында жер учаскелері беріледі.

Бұдан басқа, заңнамалық деңгейде мынадай шаралар қабылданды:

  • балық шаруашылығын жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын балық шаруашылығынан ауыстыру ережесі бекітілді;
  • балық шаруашылығын жүргізу үшін 49 жылға шарт жасасудың нақты мерзімі белгіленді;
  •  даму жоспарлары шеңберінде балық өсірушілерге қойылатын артық талаптар алынып тасталды.
  • бизнес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде балық өсіру шаруашылықтарын салу кезіндегі шығындарды өтеуден босатылды;
  • су қорғау белдеуінде балық өсіретін тоғандар мен бассейндерді орналастыру бойынша шектеулер алынып тасталды;
  • кәсіптік балық аулау субъектілеріне бекітілген су айдындарында тор шаруашылығын ұйымдастыру құқығы берілді;
  • бір тоғанның және (немесе) бассейннің су айнасы алаңы 0,15 гектардан аспайтын балық өсіру тоғандары мен балық өсіру бассейндерін салу кезінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және мемлекеттік сараптама қорытындысын алу жөніндегі талаптар алынып тасталды.

Балық шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында 2024 жылғы 6 сәуірдегі бизнесті жүргізу мәселелері жөніндегі заң жобасы шеңберінде қолданыстағы Заңдар мен кодекстерге түзетулер енгізілді:

  • балық шаруашылығы субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды енгізу;
  • акваөсіруді мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде қарсы міндеттемелер тетігін көздеу;
  • балық шаруашылығы саласында инвестициялық жобалар болған кезде су айдындарын конкурс өткізбей бекіту;
  • су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын айқындамай, сондай-ақ оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілемей балық өсіру шаруашылықтарын орналастыру және оларға қызмет көрсету үшін су объектісінің жағалау сызығынан бес жүз метр шегінде орналасқан жер учаскелерін беру;
  • бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне балық шаруашылығын күрделі құрылыссыз жүргізу үшін іргелес жатқан жер учаскелерінде оларға қызмет көрсету бойынша коммуникациялар салуды қоса алғанда, балық өсіру объектілерін орналастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелеріне сауда-саттықты (аукциондарды) өткізбей құқықтар беру;
  • балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізу үшін мемлекет меншігіндегі жерлерді резервке қою;
  • ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларға берілген жер учаскелерінде акваөсіруді жүргізуге байланысты объектілер салуға жол беру;
  • шаруа немесе фермер қожалығын және акваөсіру қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскелерінде ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты объектілер салынған кезде және шаруашылық жүргізуші субъектінің ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген кезде мұндай жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту талап етілмейді.

Заңды іске асыру аясында заңға тәуелді құқықтық актілердің тиісті жобалары әзірленді. Олар белгіленген тәртіппен қабылданады.

Бұдан басқа, «Акваөсіру туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы аясында акваөсіру субъектілеріне су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауды енгізу, акваөсірудің дамуын мониторингтеудің ақпараттық жүйесін құру және енгізу, еңбек өнімділігін өтеусіз негізде арттыруды ынталандыру үшін акваөсіру саласындағы инвестициялық жобаларды ғылыми сүйемелдеу тетігін енгізу жөніндегі нормалар көзделген.

Аталған заң жобасы күні кеше Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда талқыға түсті. Сол кезде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин саланы ынталандырудың мемлекеттік шараларын атаған болатын.

«Мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары енгізілуде. Бұл — субсидиялау, жеңілдетілген кредит беру және ғылыми сүйемелдеу. Балық өсіру үшін су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялаудың жаңа түрі көзделеді. Субсидиялау агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілетін болады. Мемлекеттік қолдау шаралары тиімді болу үшін бизнес субъектілерінің қарсы міндеттемелерін енгізу жоспарланып отыр», — деді ол.

Сондай-ақ, ол су айдындарын балық өсірушілерге берудің жаңа тәртібі қалай іске асатынын да түсіндірді.

«Заң жобасында су айдындарын конкурстық негізде және конкурс рәсімдерін өткізбей беру тәртібі көзделген. Су айдындарын аукциондық сауда-саттық тәсілімен электрондық портал арқылы конкурстық негізде жүргізу ұсынылады. Бұл ретте, тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтарын құру жөніндегі инвестициялық жобалар үшін, егер инвестиция сомасы кемінде 150 мың АЕК болса, халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындарын конкурс өткізбей беру ұсынылады. Бүгінде бұл сома шамамен 550 млн теңгені болады. Инвесторлар үшін негізгі шарттар — бизнес-жоспардың болуы және қаржының болуын растау, ал міндеттемелер — өндірістік қуаттарды салу, өсіру көлемін ұлғайту», — деді Аманғали Бердалин.

Оқылып жатыр

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

Алдағы күндері күн күрт суытады

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024850 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025390 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.