• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Байтақ елдің байрағы

Байтақ елдің байрағы

4 июня, 2025 Басты тақырып

4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні. Ал мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын айшықтайтын басты рәміздердің бірі – Ту. Байрақты бәскеде жеңіске жеткенде немесе ел басшылары ресми сапарға барғанда тудың көтерілуі ел айбынын асқақтата түседі. Бүгін ту туралы бірер түсініктерге шолу жасайық.

Көк түс түркі халықтары үшін қасиетті ұғым. Бірыңғай көгілдір түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді және Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолындағы адалдығын аңғартады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Қанатын жайған қыран құс – барлық нәрсенің бастауындай, билік, айбын, тәуелсіздік, болашаққа ұмтылыстың бейнесі. Ұлан-байтақ кеңістікте қалықтаған қыран Қазақстанның еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін көрсетеді.

«Қазақтың көк байрағының тарихы Түркі қағанаты, Хазар қағанаты, Селжұқ қағанаты, Ақсақ Темір мемлекеті және Қазақ хандықтарының тарихымен сабақтас. «Көк» сөзінің көне түркі тіліндегі бір мағынасы «шығыс», «шығыстық» деген ұғымға сәйкес келеді. Қазақстан туындағы күн бейнесі – ежелден белгілі тарихтық нышан, тіршіліктің негізі мен жарық сәулесін білдіреді. Қазақтың тарихи тамыры сақ, үйсін, ғұн және басқа тайпалармен байланысты. Тәңіршілдікті ұстанған ежелгі түріктер көк аспанға, күнге, ауаға, жерге табынған. Сондықтан Тудың көк түсі халықтардың өзара тарихи сабақтастығын аңғартады. Бүркіт бейнесі билік пен күштің белгісі ретінде танымал. Сондықтан, бұл геральдикалық нышан әлемде көптеген елдердің мемлекеттік эмблемасы ретінде көрініс тапқан», — деп жазды танымал тарихшы, профессор Бүркітбай Аяған «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы» альбом-кітабында.

90-жылдары КСРО-дағы түбегейлі саяси оқиғалар – отарлық бұғауды бұзып, азаттыққа жол ашты. 1991 жылы егемендік жарияланған соң, еліміз мемлекеттік нышандарын әзірлеу жұмыстарына кірісті.

1992 жылдың басында еліміздің жаңа мемлекеттік нышандарын дайындау жөніндегі жұмыс тобы құрылып, жаңа рәміздерге байқау жарияланды. Оған шығармашылық саланың көптеген өкілдері, талантты қылқалам шеберлері, сазгерлер мен ақындар қатысты. Мемлекеттік тудың конкурсына Қазақстан, ТМД, Түркия, Германия, Моңғолия елдерінен 600 адам қатысып, 1 200 жоба ұсынылған екен. Олардың арасында шаңырақ пен ай, көк бөрі мен үш жолақ, жұлдызшалар бейнеленген қою көк түсті нұсқалар болыпты.

Алайда белгілі суретші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, еліміздегі дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі Шәкен Ниязбековтің туы жеңімпаз болғаны баршаға мәлім. Ол оған дейін Ленинградтың В. И. Мухин атындағы жоғары көркем-өнеркәсіптік училищесіне түсіп, Эрмитаж, Исаак соборы және Петр сарайын қалпына келтіру жұмыстарына қатысқан. Елге оралған соң Алматы қаласының бас суретшісі болып жұмыс істейді. Шәкен ағамыз кездінде Алматы қаласының елтаңбасын салғанын қазір көбі айта бермейді. Бұдан басқада еңбектері жетерлік.

«Мемлекеттік ту ел халқына тиесілі. Жеңімпаздың құрметіне ту көтеріліп жатқанда және елінің әнұраны ойнаған сәт – бүкіл халықтың жеңісін білдіреді. Менің Мемлекеттік рәміздерге деген көзқарасым таза адами көзқарас, олар менің бойымда терең құрмет пен мақтаныш сезімін тудырады. Мен Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерін жасауға атсалысқанымды мақтан етемін!», деп жазды Шәкен Ниязбеков өз естеліктерінде.

Шәкен Ниязбековтің айтуына қарағанда, бүгінгі көк байрақты жасауға жарты жыл еңбек етіпті.

«Ең алдымен, әлемдегі туларды зерделедім, өйткені қайталанбас өзіндік нұсқа қажет болды. Басқа үміткерлер туларын үш түсті, қызыл, сары, тіпті қоңыр түсті қылса да, мен көгілдір түске тоқтадым – өйткені көпұлтты халық мекендейтін Қазақстан аспаны бөлінбейді», дейді Ш. Ниязбеков.

Расында бүгінде көк байрағымыз шартарапқа кеңінен танылды. БҰҰ-ның кеңсесі мен Қазақстанның шет елдердегі елшіліктерінің алдында ілулі тұр. Көк туымызды ғарышкер Талғат Мұсабаев көк аспанда самғатса, әлемдік спорт додаларында жеңімпаз отандастарымыз мерейін көтерді.

Еліміздің ең басты туы Астанадағы «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінің аумағында орналасқан. Биіктігі 100 метрден асатын еліміздің бас ту тұғыр 2009 жылы Астана күнінде ашылды.  Ол тудың жалпы ауданы 450 шаршы метрді құрайды және өлшемі 15-тен 30 метрге дейін жетеді.

Тудың композициясында – кең аспанды меңзейтін көгілдір түс, 32 шапағы бар алтын күн және оның астында қалықтаған қыран бейнесі. Бұл көркем үйлесім Қазақстанның болашаққа деген биік ұмтылысын, табиғатпен үйлесімін және ежелгі көшпелі дүниетанымды бейнелейді. Дегенмен, әлемдік геральдика мен ту тарихында Қазақстан туына визуалды немесе символдық тұрғыда ұқсас елдер де кездеседі. Олар түсі, элементі немесе идеялық мәні арқылы үндесіп жатады.

Түс бойынша ұқсастық:

Палау Республикасы. Палауның туы – ашық көк түсті және сол жақ шетіне ығысқан алтын шеңбермен ерекшеленеді. Бұл – ай емес, күн бейнесі. Қазақстан туындағы күнмен үндес. Екі ел де көк түс арқылы аспанды, бейбітшілікті меңзейді.

Науру Республикасы. Науру туында да ашық көк фон мен сары жолақ бар. Төменгі сол жағында ақ жұлдыз орналасқан. Бұл композиция Қазақстан туындағы көк-сары түс үйлесіміне жақын.

Фиджи Республикасы. Көгілдір фон – бұл елдің теңізге жақындығын білдіреді. Қазақстанда бұл түс – бейбітшілік пен түркілік танымның белгісі. Визуалды ұқсастық болғанымен, мазмұны бөлек.

Күн бейнесі бар тулар:

Қырғыз Республикасы. Қызыл фонда алтын күн, ішінде түндік бейнесі. Бұл – қырғыздың киіз үйінің төбесі. Күн шапағы – дәл Қазақстандағыдай айқын бейнеленген.

Жапония. Ақ фонда қызыл күн – күншығыс елінің ежелгі рәмізі. Түр мен стиль басқаша, бірақ күннің бейнесі негізгі белгі ретінде ортақ.

Аргентина. Көк-ақ-көк жолақты тудың ортасында алтын күн бейнесі (May Sun). Бұл да мемлекеттің тәуелсіздік символы.

Уругвай. Жоғарғы сол жақта алтын күн бейнесі бар. «Inti» деп аталатын бұл күн бейнесі Инка өркениетінің ықпалын білдіреді.

 

ТОЛҒАНЫП, ТОЛҒАП, ЖЫРЫМДЫ

Шұғылалы күн туып ортасынан,

Қалықтап қыран ұшқан бұлт астынан!

Сағақта ұлттық өрнек алтын түстес,

Көк туым желбіреп бір көз тартады,

дегендей, аспан-көкте шырқалсын ән!

 

Ерекше көк байрағым асқақтайды,

Желден де, дауылдан да бас тартпайды.

Үстінде Ақ Орданың желбіреп тұр,

Күндіз-түн, ай мен жылда қас қақпайды.

Көргендер Туымызды тамсанады,

«Қазақ Елі, қазақ» деп жар салады!

Әлемнің жүз жиырма елі құшақ жайып,

Қуанышпен көк Туды қарсы алады!

 

Әнұран халқымыздың серпінді үні,

Тәуелсіз еліміздің еркіндігі!

Жан дауыс, асқақ мінез, арманынан,

Көрінер – ұлтымыздың мүмкіндігі.

 

Елімнің ертеңі мен болашағы,

Әнұранмен астасып жол ашады.

Халқымыздың бақыты, мәңгілігі,

Ғасырлармен сырласып санасады.

 

Елтаңба – шаңырақтың куәсіндай,

Адамзат, игілігі – ұясындай!

Киіз үй – тарихтан сыр тартады,

Сәулетті өнерінің болмысындай!

 

Елтаңба, көк Туым мен Әнұраным,

Өрнекті өміріммен таңғаламын!

Тәуелсіз ақ Орданың белдеуіне,

Байлайтын, бабамыздың арғымағын!

 

Айгүл ЕРМЕКОВА,

Геральдикалық зерттеулер орталығының қызметкері

байқарақ байтақ ту

Оқылып жатыр

АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді

Президент Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді

Әлем 8 апреля, 2026

Астана. 8 сәуір. BM.KZ — Таяу Шығыстағы шиеленісті дипломатиялық жолмен реттеуге бағытталған маңызды қадам жасалды.…

Президент Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды

8 апреля, 2026

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

7 апреля, 2026

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

7 апреля, 2026

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

7 апреля, 2026

Artemis II экипажы Жерден ең алыс қашықтыққа ұшу рекордын жаңартты

7 апреля, 2026

Алматыда 13 жасар қызды әкесінің досы зорлаған: балалар омбудсмені не дейді

26 февраля, 2026

Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы жабылады: Air Astana рейстеріне өзгеріс енгізіледі

26 февраля, 2026

Алматыда 8 келі метамфетамин тәркіленіп, күдікті қамауға алынды

26 февраля, 2026

Алматыдағы даулы оқиғадан кейін курьерлерге қойылатын талап күшейеді

26 февраля, 2026

Бүгін республика жолдарындағы ахуал қандай

26 февраля, 2026

Куба жағалауында атыс болды: қаза тапқандар мен жараланғандар бар

26 февраля, 2026

Астанада оқушылар онлайн оқитын болады

26 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.