• Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Menu
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Главная страница » Байтақ елдің байрағы

Байтақ елдің байрағы

4 июня, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні. Ал мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын айшықтайтын басты рәміздердің бірі – Ту. Байрақты бәскеде жеңіске жеткенде немесе ел басшылары ресми сапарға барғанда тудың көтерілуі ел айбынын асқақтата түседі. Бүгін ту туралы бірер түсініктерге шолу жасайық.

Көк түс түркі халықтары үшін қасиетті ұғым. Бірыңғай көгілдір түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді және Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолындағы адалдығын аңғартады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Қанатын жайған қыран құс – барлық нәрсенің бастауындай, билік, айбын, тәуелсіздік, болашаққа ұмтылыстың бейнесі. Ұлан-байтақ кеңістікте қалықтаған қыран Қазақстанның еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін көрсетеді.

«Қазақтың көк байрағының тарихы Түркі қағанаты, Хазар қағанаты, Селжұқ қағанаты, Ақсақ Темір мемлекеті және Қазақ хандықтарының тарихымен сабақтас. «Көк» сөзінің көне түркі тіліндегі бір мағынасы «шығыс», «шығыстық» деген ұғымға сәйкес келеді. Қазақстан туындағы күн бейнесі – ежелден белгілі тарихтық нышан, тіршіліктің негізі мен жарық сәулесін білдіреді. Қазақтың тарихи тамыры сақ, үйсін, ғұн және басқа тайпалармен байланысты. Тәңіршілдікті ұстанған ежелгі түріктер көк аспанға, күнге, ауаға, жерге табынған. Сондықтан Тудың көк түсі халықтардың өзара тарихи сабақтастығын аңғартады. Бүркіт бейнесі билік пен күштің белгісі ретінде танымал. Сондықтан, бұл геральдикалық нышан әлемде көптеген елдердің мемлекеттік эмблемасы ретінде көрініс тапқан», — деп жазды танымал тарихшы, профессор Бүркітбай Аяған «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы» альбом-кітабында.

90-жылдары КСРО-дағы түбегейлі саяси оқиғалар – отарлық бұғауды бұзып, азаттыққа жол ашты. 1991 жылы егемендік жарияланған соң, еліміз мемлекеттік нышандарын әзірлеу жұмыстарына кірісті.

1992 жылдың басында еліміздің жаңа мемлекеттік нышандарын дайындау жөніндегі жұмыс тобы құрылып, жаңа рәміздерге байқау жарияланды. Оған шығармашылық саланың көптеген өкілдері, талантты қылқалам шеберлері, сазгерлер мен ақындар қатысты. Мемлекеттік тудың конкурсына Қазақстан, ТМД, Түркия, Германия, Моңғолия елдерінен 600 адам қатысып, 1 200 жоба ұсынылған екен. Олардың арасында шаңырақ пен ай, көк бөрі мен үш жолақ, жұлдызшалар бейнеленген қою көк түсті нұсқалар болыпты.

Алайда белгілі суретші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, еліміздегі дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі Шәкен Ниязбековтің туы жеңімпаз болғаны баршаға мәлім. Ол оған дейін Ленинградтың В. И. Мухин атындағы жоғары көркем-өнеркәсіптік училищесіне түсіп, Эрмитаж, Исаак соборы және Петр сарайын қалпына келтіру жұмыстарына қатысқан. Елге оралған соң Алматы қаласының бас суретшісі болып жұмыс істейді. Шәкен ағамыз кездінде Алматы қаласының елтаңбасын салғанын қазір көбі айта бермейді. Бұдан басқада еңбектері жетерлік.

«Мемлекеттік ту ел халқына тиесілі. Жеңімпаздың құрметіне ту көтеріліп жатқанда және елінің әнұраны ойнаған сәт – бүкіл халықтың жеңісін білдіреді. Менің Мемлекеттік рәміздерге деген көзқарасым таза адами көзқарас, олар менің бойымда терең құрмет пен мақтаныш сезімін тудырады. Мен Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерін жасауға атсалысқанымды мақтан етемін!», деп жазды Шәкен Ниязбеков өз естеліктерінде.

Шәкен Ниязбековтің айтуына қарағанда, бүгінгі көк байрақты жасауға жарты жыл еңбек етіпті.

«Ең алдымен, әлемдегі туларды зерделедім, өйткені қайталанбас өзіндік нұсқа қажет болды. Басқа үміткерлер туларын үш түсті, қызыл, сары, тіпті қоңыр түсті қылса да, мен көгілдір түске тоқтадым – өйткені көпұлтты халық мекендейтін Қазақстан аспаны бөлінбейді», дейді Ш. Ниязбеков.

Расында бүгінде көк байрағымыз шартарапқа кеңінен танылды. БҰҰ-ның кеңсесі мен Қазақстанның шет елдердегі елшіліктерінің алдында ілулі тұр. Көк туымызды ғарышкер Талғат Мұсабаев көк аспанда самғатса, әлемдік спорт додаларында жеңімпаз отандастарымыз мерейін көтерді.

Еліміздің ең басты туы Астанадағы «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінің аумағында орналасқан. Биіктігі 100 метрден асатын еліміздің бас ту тұғыр 2009 жылы Астана күнінде ашылды.  Ол тудың жалпы ауданы 450 шаршы метрді құрайды және өлшемі 15-тен 30 метрге дейін жетеді.

Тудың композициясында – кең аспанды меңзейтін көгілдір түс, 32 шапағы бар алтын күн және оның астында қалықтаған қыран бейнесі. Бұл көркем үйлесім Қазақстанның болашаққа деген биік ұмтылысын, табиғатпен үйлесімін және ежелгі көшпелі дүниетанымды бейнелейді. Дегенмен, әлемдік геральдика мен ту тарихында Қазақстан туына визуалды немесе символдық тұрғыда ұқсас елдер де кездеседі. Олар түсі, элементі немесе идеялық мәні арқылы үндесіп жатады.

Түс бойынша ұқсастық:

Палау Республикасы. Палауның туы – ашық көк түсті және сол жақ шетіне ығысқан алтын шеңбермен ерекшеленеді. Бұл – ай емес, күн бейнесі. Қазақстан туындағы күнмен үндес. Екі ел де көк түс арқылы аспанды, бейбітшілікті меңзейді.

Науру Республикасы. Науру туында да ашық көк фон мен сары жолақ бар. Төменгі сол жағында ақ жұлдыз орналасқан. Бұл композиция Қазақстан туындағы көк-сары түс үйлесіміне жақын.

Фиджи Республикасы. Көгілдір фон – бұл елдің теңізге жақындығын білдіреді. Қазақстанда бұл түс – бейбітшілік пен түркілік танымның белгісі. Визуалды ұқсастық болғанымен, мазмұны бөлек.

Күн бейнесі бар тулар:

Қырғыз Республикасы. Қызыл фонда алтын күн, ішінде түндік бейнесі. Бұл – қырғыздың киіз үйінің төбесі. Күн шапағы – дәл Қазақстандағыдай айқын бейнеленген.

Жапония. Ақ фонда қызыл күн – күншығыс елінің ежелгі рәмізі. Түр мен стиль басқаша, бірақ күннің бейнесі негізгі белгі ретінде ортақ.

Аргентина. Көк-ақ-көк жолақты тудың ортасында алтын күн бейнесі (May Sun). Бұл да мемлекеттің тәуелсіздік символы.

Уругвай. Жоғарғы сол жақта алтын күн бейнесі бар. «Inti» деп аталатын бұл күн бейнесі Инка өркениетінің ықпалын білдіреді.

 

ТОЛҒАНЫП, ТОЛҒАП, ЖЫРЫМДЫ

Шұғылалы күн туып ортасынан,

Қалықтап қыран ұшқан бұлт астынан!

Сағақта ұлттық өрнек алтын түстес,

Көк туым желбіреп бір көз тартады,

дегендей, аспан-көкте шырқалсын ән!

 

Ерекше көк байрағым асқақтайды,

Желден де, дауылдан да бас тартпайды.

Үстінде Ақ Орданың желбіреп тұр,

Күндіз-түн, ай мен жылда қас қақпайды.

Көргендер Туымызды тамсанады,

«Қазақ Елі, қазақ» деп жар салады!

Әлемнің жүз жиырма елі құшақ жайып,

Қуанышпен көк Туды қарсы алады!

 

Әнұран халқымыздың серпінді үні,

Тәуелсіз еліміздің еркіндігі!

Жан дауыс, асқақ мінез, арманынан,

Көрінер – ұлтымыздың мүмкіндігі.

 

Елімнің ертеңі мен болашағы,

Әнұранмен астасып жол ашады.

Халқымыздың бақыты, мәңгілігі,

Ғасырлармен сырласып санасады.

 

Елтаңба – шаңырақтың куәсіндай,

Адамзат, игілігі – ұясындай!

Киіз үй – тарихтан сыр тартады,

Сәулетті өнерінің болмысындай!

 

Елтаңба, көк Туым мен Әнұраным,

Өрнекті өміріммен таңғаламын!

Тәуелсіз ақ Орданың белдеуіне,

Байлайтын, бабамыздың арғымағын!

 

Айгүл ЕРМЕКОВА,

Геральдикалық зерттеулер орталығының қызметкері

байқарақ байтақ ту

Оқылып жатыр

Ең биік, ең қауіпсіз: Шымкентте жаңа тұрғын үй кешені бой көтеруде

СҚО-да газ тасығыш көлік өртеніп, тоғыз адам жарақат алды

Жыл соңына дейін барлық пойыздарға бейнебақылау камералары орнатылады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024811 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024620 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024542 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024508 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024467 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024447 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024418 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024327 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024320 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Ең биік, ең қауіпсіз: Шымкентте жаңа тұрғын үй кешені бой көтеруде

Жаңалықтар 1 июля, 2025

Шымкентте заманауи архитектура мен қауіпсіздік талаптарын біріктірген ерекше жоба қолға алынды. Қазақстанның ірі құрылыс компаниясы…

СҚО-да газ тасығыш көлік өртеніп, тоғыз адам жарақат алды

26 июня, 2025

Жыл соңына дейін барлық пойыздарға бейнебақылау камералары орнатылады

26 июня, 2025

2027 жылға дейін Қазақстанда 2 миллиард ағаш отырғызылады

25 июня, 2025

Белгілі математик оқушысына көлік сыйлады

25 июня, 2025

Шерзат ісі: сотталғандар апелляциялық шағым түсірді

25 июня, 2025

Сертификаттау саласындағы аккредиттеу аттестаттары цифрлық форматқа ауыстырылды

24 июня, 2025

Әлемдік рейтингке еліміздің үш университеті қосылды

23 июня, 2025

Мемлекет басшысы азаматтардың жеке деректерін қорғау мәселесіне ерекше назар аударды

23 июня, 2025

Антикор үш жыл бойы іздеуде болған азаматтың мүлкін тәркілеп, шоттарын бұғаттады

23 июня, 2025

Павлодар облысында төтенше жағдай режимі жарияланады

23 июня, 2025

Сенат жаңа Салық кодексі жобасын Мәжіліске кері қайтарды

23 июня, 2025

Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

23 июня, 2025

ШҚО-да үш бірдей браконьерлік топ ұсталды

19 июня, 2025

Мемлекет басшысына Stadler Kazakhstan шығарған алғашқы жолаушылар вагоны таныстырылды

19 июня, 2025

Әйел энергиясы

19 июня, 2025

Қамыс өрті — Ақ Жайық экожүйесіне төнген қауіп: экологиялық дабыл ма, маусымдық заңдылық па?

17 июня, 2025

Қытаймен шекарада жаңа айналма жол салынады

17 июня, 2025

«Семей орманы» резерватында орман өртін ерте анықтау жүйесі іске қосылды

16 июня, 2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Төрағасы Си Цзиньпинді Астанада салтанатты түрде қарсы алды

16 июня, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.