• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Мемлекет басшысы азаматтардың жеке деректерін қорғау мәселесіне ерекше назар аударды

Мемлекет басшысы азаматтардың жеке деректерін қорғау мәселесіне ерекше назар аударды

23 июня, 2025 Басты тақырып

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының алғашқы кеңейтілген алқа мәжілісінде азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігіне байланысты мәселелерге ерекше тоқталып, бұл бағыттағы жұмысты күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Мемлекет басшысы соңғы уақытта интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстарының күрт өскенін атап өтті. Мұндай әрекеттер, әдетте, шетелден басқарылатын ұйымдасқан қылмыстық топтар тарапынан жүзеге асырылатыны белгілі. Бұл тергеу барысын айтарлықтай қиындатып отыр.

– Алаяқтық әрекеттердің алдын алу – аса маңызды. Қазіргі уақытта Ұлттық банк жанынан заманауи антифрод-орталық құрылды. Сонымен қатар, банк пен ұялы байланыс операторларының инфрақұрылымын заңсыз пайдалануға жол бермеу мақсатында ортақ жауапкершілік жүйесі енгізілуде. Қазақстан азаматтарының жеке деректерін сенімді қорғау – біздің басты міндетіміз, – деді Президент.

Президент халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру қажеттілігін де атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағытта барлық деңгейдегі депутаттармен бірлесіп, алаяқтыққа қарсы иммунитет қалыптастыру маңызды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы заңсыз қаржы айналымына тартылып жатқан азаматтар, әсіресе жастар арасындағы жағдайда назардан тыс қалмағанын ескертті. Соңғы бір жарым жылда 50 мыңға жуық адам, оның ішінде көбісі жастар, өз шоттарын ақшалай сыйақы үшін алаяқтарға пайдалануға берген.

– Бұл өте қауіпті үрдіс. Жастарымыз мұндай әрекеттердің салдарын жете түсінбейді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктермен бірлесіп, алаяқтық шоттарды дер кезінде анықтап, бұғаттау жүйесін қалыптастыруы қажет, – деп атап өтті Президент.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомар Кемелұлы SIM-карталардың бақылаусыз таралуына байланысты алаңдаушылығын білдірді. 2025 жылдың басынан бері елімізде үшінші тұлғалардың атына рәсімделген 100 мыңға жуық SIM-карта анықталған. Олар негізінен қылмыстық мақсаттарда пайдаланылған.

Осыған орай Мемлекет басшысы Үкіметке және уәкілетті мемлекеттік органдарға SIM-карта сату үдерісін нақты реттеуді, сондай-ақ байланыс операторларының жауапкершілігін күшейтуді тапсырды.

Мәжіліс қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың жеке деректерін қорғау – ұлттық қауіпсіздіктің бір бөлігі екенін баса айтып, бұл бағытта барлық қажетті шаралар жедел әрі тиімді түрде жүзеге асырылуы керек екенін нақтылады.

астана Кеңейтілтен мәділіс отырысы президент

Оқылып жатыр

«Богатыр Көмір» жұмысшысы өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан көз жұмды

ҰБТ-да балл сатқан ақтөбелік мұғалім сотталды

Қазақстанда волонтерлердің цифрлық төлқұжаты жасалады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024840 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024436 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

«Богатыр Көмір» жұмысшысы өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан көз жұмды

Жаңалықтар 30 января, 2026

Астана. 30 қаңтар. BM.KZ – Екібастұздағы «Богатырь Көмір» ЖШС-нің слесарі суару қондырғысына дизель отынын құю…

ҰБТ-да балл сатқан ақтөбелік мұғалім сотталды

30 января, 2026

Қазақстанда волонтерлердің цифрлық төлқұжаты жасалады

30 января, 2026

Жаңаөзенде жеті баланың анасын күйеуі пышақтап өлтірген

30 января, 2026

Өскеменде ауа сапасының нашарлауы салдарынан оқушылар қашықтан оқытуға көшірілді

30 января, 2026

ШҚО-да басқарма басшысы 134 млн теңге пара алғаны үшін тұтқындалды

30 января, 2026

Шымкенттегі түнгі клубтардың бірінде тыйым салынған «күлкі газын» сатып келген

30 января, 2026

Жұма күні елдегі қай жолдар жабық

30 января, 2026

Australian Open: Заңғар Нұрланұлы алғаш рет жартылай финалға шықты

30 января, 2026

Ипотеканы зейнетақы жинағымен өтеу тәртібі 31 қаңтардан бастап өзгереді

29 января, 2026

Анна Данилина жұптық сында финалға жолдама алды — Australian Open

29 января, 2026

Астанада жол апатынан екі адам көз жұмды – қылмыстық іс қозғалды

29 января, 2026

Жаңаөзенде ер адам дәрігерді пышақтап өлтірді

29 января, 2026

Қандай мамандық иелері ең жоғары жалақыны алады

29 января, 2026

Шымкентте әйел адам пышақ жарақатынан мерт болды

29 января, 2026

Скляр Теңіздегі өртке байланысты алаңдаушылық білдірді

29 января, 2026

Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды

29 января, 2026

Руслан Желдібай қызметінен босатылды

29 января, 2026

Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы түрмеге тоғытылды

29 января, 2026

Алматыда 16 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

29 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.