• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Соққыға жығылған дәрігердің құқығын қорғайтын мекеме керек — сарапшылар

Соққыға жығылған дәрігердің құқығын қорғайтын мекеме керек — сарапшылар

25 июля, 2025 Басты тақырып
Фото: AI көмегімен жасалған

Шымкент. 25 шілде. BM.KZ. /Әсел Мәлік/ – Соңғы уақытта елімізде медицина қызметкерлеріне қарсы күш көрсету деректері қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Қостанайда болған жан түршігерлік оқиғадан кейін Мемлекет басшысы мұндай әрекеттерге заң жүзінде қатаң тосқауыл қою қажет екенін айтып, нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Ақорда.

Хабарламада Президенттің Үкіметке заңнаманы өзгерту бойынша тиісті түзетулер әзірлеуді жүктегені айтылған.

«Дәрігерлердің денсаулығына нұқсан келтіріп, өміріне қауіп төндіретін мұндай келеңсіздіктерге «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес құқықтық тұрғыда батыл түрде тосқауыл қойылуы керек», — делінген жазбада.

Осы жазбаға байланысты сарапшы мамандар пікір білдірді. «Денсаулық сақтау аналитиктері қауымдастығы» президенті Али Нұрқожаевтың айтуынша, еліміздегі медициналық ұйымдарда орын алатын жанжалдар мен күш көрсету оқиғаларына қатысты нақты статистика жоқ.

«Орын алған жайттар туралы нақты деректер жоқ. Сол себепті тиісті шаралар шілде айындағы жағдай сияқты тек жұртшылықтың назарын аударған оқиға болған кезде ғана қабылданады», — дейді сарапшы Али Нұрқожаев.

Али Нұрқожаевтың айтуынша, мұндай даулы мәселелер соңы татуласумен аяқталады. Себебі ақ халаттылардың заң қуып, сотта отыруға уақыты жоқ. Сондықтан да олардың құқығын қорғайтын арнайы мекеме болу керек деп санайды.

«Бұл ретте мына жайтты түсіну маңызды: қарапайым медицина қызметкерінің арыз жазуға, тергеу немесе сот істеріне қатысуға көбіне уақыты да, қаржысы да, моральдық ресурсы да жете бермейді. Сондықтан мұндай жағдайларда дауды заң аясында шешуге, құқықтық салдарға жеткізуге арналған арнайы құрылымдар – кәсіподақтар, мемлекеттік органдар және басқа да институттар бұл міндетті өз мойнына алуы тиіс. Қоғамда резонанс тудырған істер бойынша ашық сот процестері, айыпталушының отбасылық жағдайына немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, «медицина қызметкеріне қол көтердің бе – заң аясында нақты жазаланасың» деп қарау керек», — дейді сарапшы.

Сонымен қатар, ол дәрігерлерге қол көтерудің көбеюі зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдық иммунитеттің әлсіздігі екенін айтады.

Айта кетейік, шілде айында екі медициналық қызметкерге күш көрсету жағдайы әлеуметтік желіде тарады. Оның бірі Қостанайда болса, екіншісі Қарағандыда орын алды. Әсіресе қостанайлық дәрігер қатты соққы салдарынан есін жоғалтып, жансақтау бөліміне түскен. Қазір хирургтің жағдайы жақсарып келеді. Ал оны ұрған адам тергеу изоляторына қамалып, үстінен іс қозғалды.

дәрігер жансақтау Қостанай құқық қорғау соққы

Оқылып жатыр

Бұршақ, қар, жаңбыр: 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Қартаю индексі бойынша Солтүстік Қазақстан көш бастап тұр

Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді — Президент

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Бұршақ, қар, жаңбыр: 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Жаңалықтар 10 апреля, 2026

Астана. 10 сәуір. BM.KZ – «Қазгидромет» РМҚ 11–13 сәуірге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын…

Қартаю индексі бойынша Солтүстік Қазақстан көш бастап тұр

10 апреля, 2026

Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді — Президент

10 апреля, 2026

Оразбек Асылқұлов бокстан Азия чемпионы атанды

10 апреля, 2026

Ақтауда далалық жерден снаряд табылды

10 апреля, 2026

Қазақстанда электр энергиясын өндіру профициті қамтамасыз етілді

10 апреля, 2026

Путин мен Зеленский Пасха мерекесіне орай уақытша бітім жариялады

10 апреля, 2026

Ақтөбеде заңсыз көші-қонды ұйымдастырған күдіктілер ұсталды (ВИДЕО)

10 апреля, 2026

Қазақстан мен Армения арасындағы әуе қатынасы жақын арада қайта жанданады

10 апреля, 2026

«Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын иеленді

10 апреля, 2026

Бублик Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде ширек финалға шықты

10 апреля, 2026

Астанада қоғамдық веложалдау жүйесі жаңғыртылады

9 апреля, 2026

Дина Исламбекова Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

9 апреля, 2026

Қазақстанда халықаралық AI-фильмдер фестивалі өтеді

9 апреля, 2026

Наурыздағы ҰБТ нәтижесі жарияланды: 70% шекті балдан өтті

9 апреля, 2026

Полиция азаматтарды тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсыруға шақырады

9 апреля, 2026

Қостанайда 3 млрд теңге субсидия жымқырғандар ұзақ мерзімге сотталды

9 апреля, 2026

Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

9 апреля, 2026

Елорда көшелерінің бірі екі аптаға жабылады

9 апреля, 2026

Трамп НАТО Бас хатшысы Рюттемен кездесті

9 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.