• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Alem Crypto Fund неге бюджет қаражатына байланып қалды?

Alem Crypto Fund неге бюджет қаражатына байланып қалды?

24 октября, 2025 Басты тақырып
Фото: freepik.com

29 қыркүйекте Қазақстан алғашқы Alem Crypto Fund цифрлық валюта қорын іске қосты. Қор Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бастамасымен құрылып, Qazaqstan Venture Group басқаруына берілді және Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) экожүйесінде тіркелді.

Қордың басты мақсаты – цифрлық активтерге ұзақмерзімді инвестиция салып, қаржы резервін қалыптастыру. Министрліктің түсіндіруіне қарағанда, болашақта Alem Crypto Fund мемлекеттік жинақтарды басқаруға арналған құралға айналып, еліміздің қаржылық болашағын тиімді басқару мүмкіндігін кеңейте алады.

Серіктес таңдауда неге конкурс жүрмейді?

Айта кетерлігі, қор жұмысы басталмай жатып Binance Kazakhstan криптобиржасы оның стратегиялық серіктесі болып шыға келді. Ол әлемдік цифрлық актив экожүйесі саласындағы компаниялардың бірі – жаһандық Binance криптобиржасының құрылымына кіретін, жергілікті лицензияланған компания.

Осыған байланысты Baimedia.kz салалы министрлікке қор жұмысына қатысты бірнеше сұрақ жолдады. Мәселен, бастапқыда мұндай қор құру тек тәркіленген цифрлық активтер есебінен толықтырылады деп жоспарланған сияқты еді. Ондай жоспар бар ма? Неге серіктес ретінде тап Binance Kazakhstan таңдалды? Оған өзге биржалар арасында конкурс жүрді ме? Біздің елде арнайы қор құруға қатысты жағымсыз жайттар баршылық. Мәселен, МӘМС-ке қатысты қазір билікте де, парламентте де, қоғамда да көп сын айтылып жүр. Сол сияқты келеңсіз жағдайға ұшырамай ма? Осы цифрлық активтер қорын басқаратын шенеуніктер олқылықтарға жол берсе, оларға қандай жауапкершілік қарастырылған?

Алайда жоба авторы бұл сұрақтың барлығын жауапсыз қалдырып, тек осыған дейін жариялаған жоғарыдағы ақпаратпен ғана шектелді.

«Мемлекет қаражатын жұмсау – жөнсіз әрекет»

Есесіне, бұл мәселеге қатысты Мәжіліс депутаты Олжас Құсбеков пікір білдірді. Оның сөзінше, криптоактивтерді сақтайтын қор Үкіметте не Ұлттық банкте болғаны дұрыс. Себебі, әлем өзгеріп жатыр, криптоактивтерге сұраныс артып барады. Олардың ештеңемен қамтамасыз етілмегені түсінікті, сондықтан тәуекелі де көп.

«Бірақ көптеген компанияның тәуекелі көп бағалы қағаздарын да ұстап отырмыз, оларға әлде де ақша салып жатырмыз. Тәуекелге барған сайын табыс та арта түседі. Бұл қазіргі тенденция. Біз де осы жолмен жүруіміз керек. Оның үстіне, бізде Alen AI жұмыс істей бастады, демек, заң тұрғысынан да реттеліп отырады. Онда криптоактивтер алмасып, сауда, қызмет көрсету жүріп жатса, оның бәрі бір жерде шоғырлану керек. Сол үшін де осы қор керек», – дейді ол.

Дегенмен, әуелде ол қор заңсыз нарықтан тәркіленген криптоактивтермен толтырылады деген пайым болған еді. Бірақ, оның орнына мемлекет бюджетінің қаражаты жұмсалып, сол қаражатқа криптоактив сатып алынып жатыр. Депутаттың ойынша, бұл жөнсіз әрекет. Өйткені, мемлекет қаражатын жұмсаудың орнына керісінше, ол пайда табуы керек.

«Жалпы кез келген бастама немесе идея мемлекет бюджетінен нәр алып отыру керек деген үлкен проблема бар. Олай болмау керек. Оның үстіне, жасанды интеллект, криптоактив сияқты прогрессивті дүниелер әлемдік нарықтан керегін алып, инвестиция тартып, өзі-ақ пайда таба беретіндей етіп істеген дұрыс. Ол үшін бар болғаны лайықты жағдай жасап, арзан электр энергиясын беріп, салықты жеңілдетіп, жылдам интернетпен қамтып, осының бәрін өзімізде айналдырып отыруға болады», – дейді Олжас Құсбеков.

Мәселен, оның пікірінше, (криптоактив) өндіріп, өз нарығымызда саудалап, одан комиссия алып, сосын оны дербес не кастодиалды әмиянда сақтап, одан соң нарықтық бағасын анықтап, әрі қарай үстемеақысымен қайта сатып, осының бәрінен ақша табуға болады.

«Нәтижесінде осы қор да, Alen AI да бюджет қаражатынсыз-ақ жұмыс істей алатын еді. Екінші жағынан соның салығынан бюджетті керісінше толтырып отырар едік. Оның орнына мемлекет ақшасын жұмсап отырмыз. Бұл шаруаға жауапты адамдар осылай шешті. Негізі басқаша жасауға болар еді», – деп есептейді.

Ербол Тұрымбет,
BM.KZ

Alem Crypto Fund Qazaqstan Venture Group астана Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі криптобиржа Олжас Құсбеков цифрлық валюта

Оқылып жатыр

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024847 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

«Мен де қосыламын»: Рыбакина теннисшілердің бойкотына үн қосты

Жаңалықтар 6 мая, 2026

Астана. 6 мамыр. BM.KZ – Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Үлкен дулыға турнирлерінің сыйақы қорына…

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

6 мая, 2026

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

6 мая, 2026

Пара бергені үшін іздеуде жүрген қазақстандық Грузиядан елге қайтарылды

6 мая, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

6 мая, 2026

Терроризм туралы жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады – ІІМ

20 апреля, 2026

Үндістанда отшашу фабрикасында болған жарылыстан 23 адам қаза тапты

20 апреля, 2026

Қазгидромет еліміздің 14 өңірінде қолайыз ауа райы болатынын ескертті

20 апреля, 2026

АҚШ-тағы атыс: сегіз баланы өлтірген күдікті олардың жетеуінің әкесі болып шықты

20 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетті

20 апреля, 2026

Қазақтың танымал ақыны Мұхтар Шаханов өмірден өтті

20 апреля, 2026

Каспийде итбалықтар қырылды

18 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті

18 апреля, 2026

БҚО-да 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды

17 апреля, 2026

Туристер саяхат кезінде нені ескеруі керек

17 апреля, 2026

Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанды

17 апреля, 2026

1 млн доллар жымқырған күдікті Германияда ұсталды

17 апреля, 2026

4 мыңнан аса тегін препарат сатылған — ДСМ

17 апреля, 2026

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: әскерге шақыру туралы не білу керек?

17 апреля, 2026

Қарағанды облысындағы жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

17 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.