• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Экс-шенеуніктердің Джеффри Эпштейнмен байланысын тексеру керек — Асхат Рахымжанов

Экс-шенеуніктердің Джеффри Эпштейнмен байланысын тексеру керек — Асхат Рахымжанов

25 февраля, 2026 Әлем
Фото: people.com; коллаж Ertenmedia.kz

Астана. 25 ақпан. BM.KZ — ЖСДП фракциясының жетекшісі, депутат Асхат Рахымжанов Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокурорға депутаттық сауал жолдап, елімізде бұрын жоғары қызмет атқарған экс-шенеуніктердің Джеффри Эпштейнмен ықтимал байланыстарын тексеру қажет екенін айтты.

Оның айтуынша, жария етілген «Эпштейн файлдарында» мемлекеттік негізгі лауазымда болған «ескі Қазақстанның» саяси элита өкілдерінің деректері кездеседі.

— Мәселен, қазіргі уақытта мемлекеттік сатқындық және билікті басып алуға әрекет жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан бұрынғы Премьер-министр және ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов жазбаларда кемінде 8 рет аталады. Жазбалардан Эпштейн мен Мәсімовтің жеке таныс болғаны байқалады. Көптеген сұрақ туындайды. Неліктен жоғары лауазымды қазақстандық шенеунік Эпштейнмен кездесуге бастамашылық жасап, онымен жолыққан? Бұл кездесулер қай жерде өтті? Сол атақты аралда емес пе? — деді Асхат Рахымжанов.

Депутаттың атап өтуінше, Эпштейн мен Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетовтің Нью-Йоркте бірге демалғаны туралы дерек те шетелдік БАҚ-тың назарын аударған.

— Хат алмасуда Мәсімов пен Келімбетовтің Джеффри Эпштейнмен байланыстары мен кездесулері талқыланады, жеке сәлем жолданады, түрлі бірлескен іс-шаралар сөз болады. Сондай-ақ аты аталмаған басқа тұлғалар, мысалы, мемлекеттік қауіпсіздікке жауапты болған белгілі бір жоғары лауазымды генерал туралы да айтылады. Ол адам кім? Мүмкін, тағы да сол Мәсімов шығар? Мұнан бөлек, жарияланған құжаттардан Эпштейннің Қазақстанға бірнеше рет келгені белгілі болып отыр. Сонымен қатар, файлдарда оның еліміздегі барлық байланысы толық көрсетілмеуі де ықтимал, — деді депутат.

Ол сондай-ақ халықаралық жарияланымдарда АҚШ-та қайғылы жағдайда қаза тапқан модель Руслан Коршунов туралы да айтылатынын атап өтті.

— Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктерінің мұндай тұлғамен кез келген байланысы бірқатар сұрақ туындатады. Джеффри Эпштейн Қазақстанға қандай мақсатпен жиі келген? Сол кезеңдегі қандай жоғары лауазымды тұлғалармен байланыста болған? Құпия ақпараттың сыртқа кетуіне жол берілді ме? Мемлекеттік шешімдер қабылдаған тұлғаларға сыртқы ықпал ету арналары жасалмады ма? Оларға қатысты әшкерелейтін материалдар жиналмады ма? Қазақстандық шенеуніктердің Эпштейнмен байланыстары сол кездегі ел басшылығы тарапынан рұқсат етілді ме? Қазақстан азаматтары ел тағдыры кімдердің қолында болғанын және оның күмәнді беделге ие жабық клубтарда сауда нысанына айналмағанын білуге құқылы, — деп атап өтті Асхат Рахымжанов.

Осыған орай Мәжіліс депутаты Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылығына мындай өтінішін білдірді:

  •  «Эпштейн файлдарында» аталған қазақстандық лауазымды тұлғалар мен олармен байланысы бар адамдар туралы ақпаратты, кездесулердің сипаты мен мақсаттарын тексеру, Қазақстан аумағында немесе шетелде басқа қазақстандық саясаткерлердің, кәсіпкерлердің және шоу-бизнес өкілдерінің Джеффри Эпштейнмен байланыстары болған-болмағанын анықтау;
  • ұлттық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерлерге, оның ішінде мемлекеттік құпиялардың жария болуын қоса алғанда дербес ақпараттардың жылыстатылуын, лауазымды тұлғаларды бопсалау тәуекелдеріне құқықтық баға беру;
  • тексеру нәтижелері мен болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қабылданған шаралар туралы Парламент пен қоғамға хабарлау.
Джеффри Эпштейн Келимбетов Мәсімов

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.