• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазақстанда су тасқынының белсенді кезеңі азайтылды

Қазақстанда су тасқынының белсенді кезеңі азайтылды

14 апреля, 2026 Жаңалықтар
Фото: ТЖМ

Астана. 14 сәуір. BM.KZ — Қазіргі уақытта еліміздің басым бөлігінде су тасқынының белсенді кезеңі барынша азайтылды, ахуал тұрақты, мониторинг жүргізілуде.

Мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, ТЖМ су тасқынына қарсы жедел штабы жұмыс істейді. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Қазіргі уақытта елдің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі барынша азайтылды. Қазір су тасқыны шыңы Ақмола облысының аумағында өтіп жатыр. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары бақылауда.

Гидрологиялық жағдайдың тәулік бойы мониторингі және іс-қимылдарды үйлестіру қамтамасыз етіледі. Су тасқынына қарсы іс-шаралары жалғасуда және бақылауда.

Су тасқыны жағдайының күрделенуіне жол бермеу мақсатында алдын алу және жедел шаралар кешені іске асырылуда. ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар және басқа да қызметтердің күшімен 9 млн астам текше метр қар шығарылды, 1,4 млн астам текше метр еріген су сорылды, 95 мыңнан астам қап және 104 мың тонна инертті материал төселді, 1,9 млн астам метр арықтар мен каналдар тазартылды, 6 мыңнан астам уақытша бөген пен үйінді тұрғызылды.

Жағдайды бағалау үшін тұрақты мониторинг жүргізілуде. Барлығы 46 әуеден барлау жүргізіліп, 332 су тасқыны қаупі бар елді мекен тексерілді. Аэровизуалды бақылау жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар ТЖМ әскери бөлімдерінің әскери қызметкері  су тасқынына қарсы жұмыстарға Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны қаупі бар учаскелерде шоғырланған.

Тоғыз өңірде 238 учаскеде жалпы ауданы 626 мыңнан  астам шаршы метр аумақта мұз жару жұмыстары жүргізілді, 29 мыңнан  астам метр мұз кесілді және 41 мың ойық бұрғыланды.

Ақмола облысында автомобиль жолдарындағы 5 судың тасуы мен  1 су шаю бақылауда.

Су тасқынына қарсы жұмыстарға барлығы ТЖМ, ЖАО, ІІМ 64 адам мен 20 бірлік техника жұмылдырылды.

Ақмола облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында келесі көлемде жұмыстар атқарылды: 3 589 метр уақытша бөгендер мен үйінділер тұрғызылды, инертті материалдармен толтырылған 49 113 қап төселді, 103 092 тонна инертті материал дайындалды және төселді, 483 157 метр арықтар мен каналдар тазартылды. Ескі Қалқұтан ауылына кіреберіс жолдың жол жабынын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 2 экскаватор, 1 тиегіш және 4 бірлік ауыр жүк техникасы жұмылдырылған. Облыс аумағындағы жағдай тұрақты, Шағалалы, Сілеті және Астана су қоймаларында қауіп сейілді.

Шығыс Қазақстан облысында қардың белсенді еру кезеңі өтуде. «Қазгидромет» ШҚО филиалының мәліметінше облыс аумағындағы қар жамылғысы 32%-ға дейін азайды. Глубокое ауданында, сондай-ақ Марқакөл және Алтай аудандарында қардың қалыңдығы 20-дан 43 см-ге дейін төмендегені тіркелді. Тарбағатай, Зайсан, Күршім, Самар және Ұлан аудандарының басым бөлігінде қар жамылғысы толық еріп кеткен.

Ірі өзендердің арналары мұздан ашылды. Жағалауларда мұз үйінділері мен қалдық сеңдер байқалады. Су деңгейлері қауіпті межеден төмен. Гидротехникалық құрылыстар тұрақты бақылау режиміне ауыстырылды. Бұқтырма су қоймасында мұз жамылғысының босағаны байқалады: жағалауда ашық жерлер, мұздың қарайып, жарықтардың пайда болуы тіркелуде. Қазіргі уақытта өзендердің тасуы, тұрғын үйлер мен аулалардың су астында қалу жағдайлары тіркелген жоқ.

Өңірде су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені жалғасуда. Су деңгейлеріне бақылау гидробекеттер желісі арқылы жүргізілуде, сондай-ақ су тасқыны қаупі бар учаскелерге әуе мониторингі жүргізілуде. Барлығы 7 әуеден барлау жүргізілді.

Халықпен профилактикалық жұмыс күшейтілді: тұрғын секторда 675 рейд ұйымдастырылды. Тұрғындарға үйлерінің маңындағы арықтар мен жылғалардың арналарын уақытылы тазалау ұсынылды.

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде. Облыс аумағында ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің күштері жұмылдырылған, олар Петропавл қаласында, Заречный кентінде және Қызылжар ауданының Бескөл ауылында қызмет атқаруда. Аталған бөлімшенің күшімен Қызылжар ауданында және Петропавл қаласының маңында қорғаныс дамбаларын нығайту мақсатында 28 мың қап дайындалып, 10 мың қап төселді. Сондай-ақ Есіл өзенінен тасыған су бөгендерін шайып кетуінің алдын алу мақсатында 2 мың метр полиэтилен жабыны төселді. Су тасқыны жағдайын бақылау аясында өзендер, көлдер мен су қоймаларының бассейндеріне әуеден аэровизуалды тексеру жүргізілді.

Су тасқыны ТЖМ

Оқылып жатыр

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Әлем 20 мая, 2026

Астана. 20 мамыр. BM.KZ — АҚШ Конгресі Сенатында алғаш рет Вашингтон әкімшілігінің Иранға қарсы әскери…

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026

Қазақстанда қан компоненттерін QR-код арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілді

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.