Көшпенділер ойындарының тағы бір спорты — садақ ату. «Арғымақ» ат-спорт кешенінде дәстүрлі садақ ату сайысы бойынша 33 мемлекеттен 183 спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды Баймедиа.кз.
Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы қатысады. Жарыс үш түрлі нысана негізінде өткізіледі. Олар – Пута нысанасы 70/60 метр (9 оқтан 7 мүмкіндік), Қалқан нысанасы 60/50 метр (7 оқтан 7 мүмкіндік), Жамбы нысанасы 30 метр (5 оқтан 5 мүмкіндік) және командалық жарыс (30 метр).
Айта кетейік, қазір аталмыш спорт түрінен әйелдер арасында сайыс өтуде