9 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен ұлттық құраманың сегіз бірдей спортшысы финалға шықты, деп хабарлайды Баймедиа.кз.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан бәсекеде бүгін спортшылар төрт салмақ бойынша өзара мықтыны анықтады.
Ерлер:
Бекжан Төлепов (55 келі);
Мейіржан Берекетов (60 келі);
Дидар Тугушев (66 келі);
Жұмажан Қожамбеков (74 келі)
Әйелдер:
Айжан Жылқыбаева (48 келі);
Назерке Азаматова (52 келі);
Рауза Нұрмұхамметова (56 кг);
Бақыт Құсақбаева (60 келі).
10 қыркүйекте ерлер мен әйелдер қалған төрт салмақта күреседі. Көшпенділер ойындарына қазақ күресінен 41 мемлекеттен 274 спортшы қатысады. Аталмыш спорт түрінен ерлер мен әйелдердің әрқайсы 8 салмақ дәрежесінде сынға түседі.