Бүгін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты жабылуы болады, деп хабарлайды Баймедиа.кз.
Ұйымдастырушылар бюджеттің қысқартылуына байланысты салтанатты шара хаттамалық форматта көрерменсіз өтетінін хабарлады. Оған тек спортшылар қатысады. Сондықтан билеттердің сатылмайтынын және кез келген ұсыныстың алаяқтық екенін ескертеді. Ал көшпенділер ойындарының жабылу рәсімі сағат 16:00-де Ұлттық арнада тікелей эфирде көрсетіледі.