Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау күні белгілі болды “Сот кабинетінің” деректеріне сәйкес, алдын ала тыңдау дүйсенбі, яғни 11 наурызда өтеді. Істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Құлбаева қарайды. Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді.Оған екі бап бойынша айып тағылып отыр: ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы – “Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру”; ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы – “Кінәліге материалдық жағынан тәуелді адамға жасалған жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы дене және психикалық зардап келтіру”. @baq_kz
Трендте
- Қазақстанда қанша адамның кредиті кешіріледі
- «Әзілі шектен шықты». Қазақ тілін келеке еткен Черчесовке шара қолданылды
- Талғарда тағы бір лауазымды тұлға қызметінен босатылды
- 1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды
- Қазақстан азаматтарына қанша зейнетақы төленді?
- Түркістан облысында 30 жыл отасқан күйеуін өлтірген әйел сотталды
- Мемлекет қостанайлық шаруаларға 40 млрд теңге қарыз
- «Жалақыға дейінгі кредит»: мұндай микроқарыздар беру жағдайында не өзгерді