Швейцариялықтар жыл сайынғы он үшінші зейнетақыны тағайындады
Сайлаушылар егде адамдардың өмір сүру деңгейіне қатысты ұлттық референдумда өздеріне қосымша айлық зейнетақы тағайындады.
Швейцарияда ай сайынғы мемлекеттік зейнетақының толық мөлшері – 2550 еуро. Бірақ көбі мұны елде тұру үшін жеткіліксіз дейді. Швейцарияда, әсіресе Цюрих және Женева сияқты қалаларда тұру құны әлемдегі ең жоғарылардың қатарында.
Атап айтқанда, барлығына міндетті медициналық сақтандыру жарналары тез өсіп, егде жастағы адамдар оны төлеуге қиналады. Жұмыстан үзіліс алған әйелдер мен толық жұмыс өтілі жоқ иммигранттар үшін мемлекеттік жартылай зейнетақымен күн көру қиынға соғып тұр. Сондықтан 70 жастан асқан швейцариялықтардың көбі жұмыс істеуге мәжбүр.
Швейцариялық Avivo қауымдастығы референдум нәтижесін «зейнеткерлердің тарихи жеңісі» деп бағалады.