Қазақстан жатыр мойны қатерлі ісігі бойынша 5 орында тұр
Бұл туралы ДСМ санитариялық-эпидемологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Нұршай Әзімбаева айтты. Адам папилломасы вирусы тез таралады және ол адамдарда обыр ауруларын туғызады.
Қазақстан жатыр мойны обыры қатерлі ісігі бойынша 5 орында тұр. Ал әйел адамдар бойынша обыр ауруларының ішінде 2 орында. Жатыр мойны обыры жыл сайын елімізде 1900-ге жуық адамда анықталып отыр. Оның ішінде жылына 600 адам осы аурудан қайтыс болады. Бұл күніне 2 адамды жоғалтамыз деген сөз. Жатыр мойны обырының анықталу жасы — 40 жасты құрап отыр, — дейді ол.