Атырау облысында бұрын сотты болған 3 адамның мектепте жұмыс істегені анықталды
Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Мәлім болғандай, бұл азаматтар мектептерге кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты және денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Жоғары сынып оқушыларының ұрып-соғу фактілерін және басқа да құқыққа қарсы іс-қимылдарды жасырғаны үшін ӘҚБтК-нің 127-1-бабы бойынша 5 мектеп директоры әкімшілік жауаптылыққа тартылды.