• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Дәмханадағы депозит заңды ма?

Дәмханадағы депозит заңды ма?

3 ноября, 2024 Басты тақырып

Мейрамхана мен кафелердегі депозиттік жүйе мен 10 пайыз қызмет ақысын төлеу тұтынушының міндеті. Бұл — мекеме басшылығы бекіткен талаптар. Бұл қаншалықты заңды? Тұтынушы демалуға барған дәмхананың ережесіне бағынуы керек пе? Серік Жұмабек біліп көрді.

Көңіл көтеру немесе тамақтану орындарының өздері «депозит» деп атап кеткен төлемді алдын ала талап етуі үйреншікті жағдай. Яғни, сіз қоғамдық орын басшысы бекіткен ақшаға тапсырыс беруіңіз керек. Егер сіз ішіп-жеген тағамдар мен сусындар ол сомаға жетпесе, мекеме артылған ақшаңызды қайтарып бермейді.

Тойгүл Жұбанысова, СИМ Сауда комитетінің ресми өкілі: 

Алдын ала келісім болған жағдайда, мысалы біздің депозит 100 мың теңге, бұл минималды сома және бұдан кем болмау керек деп тұтынушы оған алдын ала төлем жасап тапсырыс берген жағдайда бұл қайтаруға жатпайды.  Жалпы минималды сома 100 мың және оған жетпей қалып артындағы қалған сомасын сұрайтын болса, онда тұтынушыныкі дұрыс емес. Депозит деген нәрсенің өзі сіз осы сомадан кем емес тауарды алуға міндеттісіз деген алдын ала келісім. Демек екеуінің ортасында негізгі келісім болды.

Дәмханалардағы 10 пайыздық қызмет құны да тура осындай ережемен жұмыс істейді. Яғни, мәзірге жазылса немесе сізге ауызша ескертілсе даяшының үлесін беруге міндеттісіз.

Айдар Әбілдабеков, ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы:  

Қызмет жасағаны үшін ақы 10 пайыз бар деп жазылған болса, соны оқып тұрып маған бір шәй, екі нан, бір сорпа әкел деп тұрса келісті деген сөз ғой.

Қысқасы, тапсырысты алғанға дейін сізге, не депозит, не қызмет құны туралы айтылмаған жағдайда ғана оны төлуден бас тарта аласыз. Ал, заңгер Аржан Садуақас кәсіпкерлердің бұл талабын заңсыз, олар тауар мен қызметті мәжбүрлеп сатып отыр деп санайды.

Аржан Садуақас, заңгер, адвокат:

Мен мысалы 10 мың теңгеге тамақ іштім, маған ол жеткілікті. Бірақ олар айтады сіз депозит төледіңіз 30 мың теңге. Сіздің 20 мың теңгеңізді қайтармаймыз немесе сатып алыңыз дейді белгілі бір тауарды. Ол мәжбүрлеу болып саналады.  Тұтынушы кез келген пайдаланбаған ақшасын қайтарып алуға міндетті.  Пайдаланбаған соманы ұстап қалу заңсыз. Бізде ешқандай заңнамада көрсетілмеген.

Заңгер «министрлік тек бизнестің мүддесін қорғап отыр, ал тұтынушы құқығы тапталып жатыр», — дейді. Тіпті, мұндай лоббидің наразылыққа алып келуі мүмкін екенін ескертеді. Ал, кәсіпкерлер мұны бизнесті сақтап қалудың жолы деп отыр.

Жанар Атагелдиева, кәсіпкер:

Әртүрлі тұтынушы болады. Біз депозит алмасақ, алғашқы төлем алмасақ ол күніміз күйіп кетуі мүмкін. Депозит деген дүние біз үшін, кәсіпкерлер үшін ол кепілдік. Сондықтан, ақша қайтарылмайды. 

Ең қызығы депозит деген сөзді қолданудың өзі заңсыз екен. Ол сотта тұтынушыға қарсы жұмыс істеуі мүмкін. Себебі, аталған термин тек банк жүйесінде қолданылады.

Аржан Садуақас, заңгер, адвокат:

Депозит ол заңсыз. Себебі, ол тек қана банк жүйесінде пайдаланатын термин. Депозиттің анықтамасы банк қызметі туралы заң бар бізде, сол жерде көрсетілген. Ал, оны кәсіпкерлік мақсатта басқаша пайдалану заңға қайшы болып саналады.

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025374 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.